Астанада өтетін ЭКСПО жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы қозғаушы кұшке айналады деп санайды БҰҰ өкілі

Thu Feb 09 00:00:00 EST 2017

9 ақпан, 2017ж. Астана – «Мен ЭКСПО көрмесі Қазақстан үшін тұрақты дамуға арналған энергия тақырыбына серпін беретін керемет мүмкіндік болатынына сенімдімін, ол Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде соншалықты маңызды болып табылады. ЭКСПО-ның сөзсіз жетістікке айналатынына және өңірге де, сондай-ақ бүкіл әлемге де жақсы жағынан көп ықылас аудартатынына сенемін», - деді Жихан Сұлтаноғлу.

Сұлтаноғлу ханым Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры, БҰҰ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас Комиссары болып табылады. Қазақстанға жұмыс сапары барысында ол «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен БҰҰ-ның көрмеге қатысуы туралы келісімге қол қойды. Сұлтаноғлу ханым Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) ілгері апарудағы көшбасшылығын, сонымен қатар елдің үнқатысу жүргізуге және энергияны тұрақты әрі ұтымды пайдалану саласында шаралар қабылдауға қабілеттілігін жоғары бағалады.   

 

ЭКСПО-2017-дегі БҰҰ Бас Комиссарының рөлінде Ж. СҰлтаноғлу бүкіл БҰҰ жүйесінің көрме жұмысына қатысуын үйлестіреді. Ол Қазақстанның табысы ортадан жоғары деңгейдегі және адам капиталы жоғары тәуелсіз елден өзгере отырып, соңғы 26 жылда өзінің даму жолында адам сенгісіз жолды жүріп өткенін атап көрсетті. Ол сонымен қатар Қазақстанның Мыңжылдық даму мақсаттарының барлығында дерлік жетістіктерге жеткені туралы жоғары баға берді, бұл елдің 2030 жылға дейінгі даму саласы мен Орнықты даму мақсаттарының жаңа күн тәртібін ойдағыдай орындауына көмектеседі. 

«Қабылдаушы ел ретіндегі Қазақстанның тақырыптық ЭКСПО-2017 үшін таңдауы мемлекеттің даму және ішкі саясат саласындағы жетістіктерін тану болды. Мұндай құрметке әлемдегі ең көреген елдер ие болады. Қазақстан дамудың өзекті мәселелері саласында үнқатысу жүргізе алатын керемет қабілетімен белгілі», - деп атап өтті ЭКСПО-2017 көрмесінің БҰҰ Бас Комиссары.

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестіруші Дина Телтаевамен хабарласуларыңызды сұраймыз: эл. пошта dina.teltayeva@undp.org немесе  тел.: +77172 69 65 44 (2124)

 

###  ###  ###

БҰҰДБ елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, қоғамның барлық топтағы өкілдері дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға алып келетін өсімді көтермелеп және қолдау көрсете отырып, олармен ынтымақтаса жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде 170-тен астам ел мен аумақта жұмыс істей отырып, біз адамдардың мейлінше толық құқылы өмір сүруіне және мемлекеттердің өміршеңдігін арттыруға ықпал ететін жаһандық пайымдау мен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.