Қолөнер экономиканы әртараптандырудың және бизнесті дамыту үшін мүмкіндік жасаудың креативті бағыты ретінде: «Шебер-Керуен» фестивалі – қазақстандық шеберлердің әлеуетін арттыру

Mon Dec 12 00:00:00 EST 2016

2016ж. 12 желтоқсаны, Астана қ.– Орталық коммуникациялар қызметінде қолөнер және Қазақстан экономикасын әртараптандыру мақсатында оның әлеуетін артттыру тақырыбына арналған баспасөз мәслихат өтті.

Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Қазақстан қолөнер шеберлері одағының төрайымы Айжан Бекқұлова, және «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сыдықова қатысты.

Мунхтуя Алтангерел ханым айтуынша, қолөнер саласын насихаттау және шеберлердің мүмкіндіктерін арттыру Қазақстан экономикасын әртараптандыруға айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.

«БҰҰ Даму бағдарламасы қолөнер кәсібін көптеген жылдар ішінде қолдап келеді. Дегенмен, нағыз жүйелі жұмыс шамасымен үш жыл бұрын Бірлескен өңірлік даму бағдарламаларының аясында Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында басталды. Сонымен қатар, біз бүкіл елдің шеберлерін қолдау міндетіміз деп санаймыз. Біз 200 астам қолөнер шеберлерін қамтып, оларға Қазақстанда және шетелде гранттар мен арнайы тренингтерді ұсынамыз және олардың бұйымдарын шығармашылық жәрмеңкелерде сатылуына ықпал етеміз. Біз қолдаған кем дегенде 30 қолөнер шеберлері Экспо-2017 аясындағы шараларға қатыспақ. Барлық қоғам мүшелерін қолөнер шеберлерін қолдауға шақырамыз, өйткені Қазақстанда осы әдемілік және мәдени маңыздылығы бойынша ғажайып саланың әлеуеті әлі мүлде жүзеге асырылмаған. Мәселен, Индияда кәсіпшілік саласы жұмыс орындарының 20 % жуық көлемін қамтиды, оның айтарлықтай бөлігі – ауылдық жерлерде, ал Иранда қолөнер шеберлері ЖІӨ 3% қамтамасыз етеді», - деп мәлімдеді Мунхтуя Алтангерел.

«Шеврон» компаниясы Қазақстанға 1993 жылы келіп, жас тәуелсіз мемлекетке сенім және қолдау білдірген алғашқы ірі батыс инвесторы болды», - деп «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сыдықова атап өтті. – «Бүгінгі күні біз көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан әріптестігіміз тек қана энергоресурстарды өндіруде емес, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпшілік және қолөнер саласын қолдау тәрізді әлеуметтік инвестициялар саласында табысты болғанына көз жеткіздік. 2006 жылдан бастап еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 1000 астам шебер бизнес-жоспарлау, маркетинг, ұйымдастыру және кәсіби даму бойынша тренингтерден өтті. 2009 жылдан бастап біз  «Шебер» шеберлік байқауын өткіземіз».

Баспасөз мәслихатқа қатысушылар, сондай-ақ, 2016 ж. 17-18 желтоқсан күндері «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында «Шебер-Керуен» фестивалі өтетіні туралы хабарлады. Фестиваль аясында Қазақстанның 70 үздік қолөнер шеберлерінің, оның ішінде мүгедек шеберлердің бұйымдары жәрмеңкеге шығарылып, «Шебер-2016» 8-ші республикалық шеберлер байқауы жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі, этно-стиль бағытында сән дизайнерлерінің көрсетілімдері, тегін шеберлік сағаттар және т.б. мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Естеріңізге салайық, кәсіпшілік фестивалі халықтық өнерді насихаттайтын және тәжірибелі әрі жаңадан келген шеберлерге тәжірибе алмасып, өнімдерін сатуға зор мүмкіндік беретін бірден-бір шығармашылық тұғырнама ретінде өзін таныстыра білді.

 

###  ###  ###

БҰҰДБ қоғамның барлық санат өкілдерімен серіктестік орнатып, елдерге дағдарысқа төтеп беру мақсатында көмектеседі әрі әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін өсімді қолдайды. 170 астам ел мен аймақта жұмыс істей келе, біз адамдардың толыққанды өмір сүруіне ықпал ететін әрі мемлекеттердің тұрақтылығын арттыратын ауқымды көзқарас пен нақты шешімдерді ұсынамыз.

 

G-Global халықаралық хатшылығы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын насихаттайтын қоғамдық провайдер. Хатшылық оның мүшелері, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, бизнес-қауымдастық және азаматтық қоғам өкілдері арасында диалог алаңқайы ретінде қызмет етіп, G-Global ақпараттын-коммуникативтік тұғырнамасының жұмысын жүргізеді.