Қазақстан сенаторлары БҰҰ орнықты даму мақсаттарына қолдау көрсету үшін мәлімдеме қабылдады

Tue Nov 22 00:00:00 EST 2016

22 қараша 2016, Астана қ. – БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында 2015 жылы қыркүйекте қабылданған Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жаһандық күн тәртібі ретінде таныстырды. Таныстырылым барысында мақсаттарды, сондай-ақ оларды жергілікті жерлерге бейімдеу тәсілдері мен Қазақстанда қол жеткізген жетістіктері жан-жақты талқыланды. Орнықты даму мақсаттары 2030 жылға дейінгі орнықты даму бойынша күн тәртібінің негізгі құрамдасы болып табылады. Бұл 17 мақсат қайыршылықты жоюға, ғаламшардың ресурстарын сақтауға, барша адамзат баласы үшін теңдік пен игілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Орнықты даму мақсаттары дамуға, кедейлік пен теңсіздіктің түпкі себептерін жоюға, «ешкім де артта қалып қоймауы» үшін трансформациялық өзгерістерге қатысты кешенді ұстанымды көздейді.

Қазіргі кезде ОДМ ұлттық контексті ескере отырып іске асырылуда. Сыртқы істер министрлігі салалық министрліктер мен ведомстволардың ОДМ-ды ұлттық және жергілікті бағдарламаларға енгізу бойынша іс-қимылдарын үйлестіреді. Мемлекеттің Қазақстан - 2050, Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам секілді бағдарламалар мен қойылған басымдықтар негізінен ОДМ-ды ескере отырып әзірленді. Мұндай ұлттық мақсаттар Қазақстанның ОДМ-ге қол жеткізу үшін барынша сәйкес келетін тиісті тетіктерді құруға жол салады. 

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Парламенті, халықаралық келісімдерді ратификациялау барысында ОДМ-ді міндетті ұлттық құқық форматына ауыстырып, елдің даму басымдықтарына жауап қайтара, сондай-ақ олардың орындалуын бақылай отырып, орын алып жатқан оң өзгерістерде шешуші рөл атқарады. Халықтың өкілі бола және көпжақты үнқатысу үшін алаң ұсына отырып, Парламент Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарын іске асыру үшін есеп беру тетіктерін ілгері апара алады.

Бүгінгі Мақсаттар таныстырылымының мақсаты Қазақстанда ОДМ бойынша үнқатысуды жаңа деңгейге көтеру, сондай-ақ стратегиялық мүмкіндіктер, серіктестіктер, ОДМ-ды ұлттық және жергілікті деңгейлерде ойдағыдай іске асыру үшін қажетті әлеует пен қолдау мәселелері бойынша талқылау жүргізу болды.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы   Дариға Назарбаева жалпыны тегіс қамтитын ауқымды, өршіл ОДМ бағдарламасын іске асырудағы негізгі жауапкершілік ұлттық үкіметтерге жүктелетінін еске салып өтті.

«Біздің Республикамыздың қол жеткізген жетістіктері мен жаңа міндеттер қоюдағы деңгейі ел басшылығының  Қазақстанды дамытудағы  көреген стратегиялық пайымдауын атап көрсетеді. Қазіргі Қазақстан Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде көшбасшы болуға және өңірдегі елдер үшін үлгі болуға дайын»,- деді Дариға Назарбаева.  

«Орнықты даму мақсаттары өзінің қамту деңгейі жағынан жалпыны тегіс қамтиды әрі биік. Оларға қол жеткізу барлық мүдделі тараптар арасында мықты серіктестік болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бүгінгі кездесу біздің күш-жігерімізді біріктіруге және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге көмектесетін талқылау мен өнімді жұмысқа қарай алға жасалған жаңа қадам болып табылады, ол қоршаған ортаны қорғау мен адам әлеуетін дамытумен үйлесе отырып, экономикалық өсімге ықпал етеді», - деді ҚР-дағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және БҰҰДБ Тұрақты өкілі Норимаса Шимомура.

ОДМ командасының басшысы, Сеулдегі Саясатты дамыту бюросының директоры Балаш Хорват жаһандық күн тәртібіндегі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша негізгі тармақтар туралы баяндама жасады.  Сөйлеген сөзінде ұлттық және өңірлік деңгейлердегі бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру барысында Қазақстанның БҰҰ құрылымдарымен өзара іс-қимылының аса жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Таныстырылымға қатысушылар Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ахан Бижанов, Георгий Ким және Дархан Кәлетаевтың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша парламентшілер Мәлімдеме қабылдады, онда бұл мақсаттарды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында орнықты даму қағидаттарын қолдануды ілгері арапу және ОДМ-ды қолданыстағы заңнамаларға кіріктіруге жәрдемдесу қажеттігі атап өтіледі. Мәлімдемеде сонымен бірге таныстырылымға қатысушылардың ОДМ-ға қол жеткізу Қазақстанның халықтың әл-ауқатын жақсартуға және әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік беретініне деген жалпы сенімі көрсетілген.

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестіруші Дина Телтаевамен хабарласуларыңызды сұраймыз: эл. пошта dina.teltayeva@undp.org немесе  тел.: +77172 69 65 44 (2124)

 

###  ###  ###

БҰҰДБ елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, қоғамның барлық топтағы өкілдері дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға алып келетін өсімді көтермелеп және қолдау көрсете отырып, олармен ынтымақтаса жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде 170-тен астам ел мен аумақта жұмыс істей отырып, біз адамдардың мейлінше толық құқылы өмір сүруіне және мемлекеттердің өміршеңдігін арттыруға ықпал ететін жаһандық пайымдау мен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.