«Жасыл экономика» моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/ БҰҰДБ /ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасы аясында «Жасыл» технология оқу орталығының» ашылуы

Tue Nov 15 00:00:00 EST 2016

2016 жылдың 8 қарашасында Астана қаласында Қазақстанды «жасыл» экономикаға көшіру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Жасыл экономика» моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасын қолдау аясында құрылған «Жасыл» технология «оқу орталығы» ашылды. 

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы табиғи ресурстарды жауапты тұтыну арқылы елдің дамуын құрайтын экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жақсаруын қарастырады.  Оның дәлелі ретінде жақында Қазақстан Париж келісіміне қол қойылған. Онда CO2 қысқарту бойынша орындау міндеттері қарастырылады, сондай-ақ ресурстардың сақталуы бойынша сұрақтардың қатарын шешу, биоалуантүрлілік және табиғатты тиімді түрде пайдалану. Ел дамуының айтарлықтай маңызды факторы бүгінгі күш қуаттың, сондай-ақ болашақ мамандардың жоғарылауы болып табылады.

Астана қаласындағы «Жасыл» технологиялар оқу орталығы» алдыңғы және ресурс үнемдеу технологиясын қолдана отырып ауылшаруашылығын жаңа, прогрессивті әдіспен оқыту мақсатында жұмысын бастайды. Аталмыш орталық С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет студенттеріне, сондай-ақ шаруаларға, кәсіпкерлерге және қоғамдық ұйым өкілдеріне тәжірибелік дағдылар алуына қызмет етеді. Тренингке қатысушылар аграрлық сектордағы жұмыс үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды алады, сондай-ақ жабық қорғалған топырақта көкеністерді өсіру тәсілі мен жетілдіру жолына жағдай туғызатын, жылу мен энергияны,  табиғи ресурстарды тиімді қолдану, тұрғындарды жыл бойы жаңа піскен көкеністермен қамтамасыз ету жолындағы энергия-ресурс үнемдеу технологиясының айрықша перспективалық  элементтерін зерттейді.

«Жасыл экономика» моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасы оқу орталығы құрылысының бастамашысы болды, Қазақ аграрлық университетінің студенттеріне тегін оқудан өтуге мүмкіндік береді.

Оқу орталығы жабық топырақта көкеніс дақылдарын өсіру үшін сертификатталған «жасыл» технология қолданылатын заманауи жылыжай кешенімен қатар орналасады. Қазіргі ЖЭС-ке жақындығы жылыжайда бірегей микроклимат құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ЖЭС-тың артық қалған жылуын жылыжайды жылыту үшін қолданылады, ал суару тазаланған сумен жасалады. Бұл өз кезегінде жылыту орталығының жасырын экологиялық қорын қолдануға және жылу электр орталығы әрекетінен жылыжай эффектісін төмендетуге мүмкіндік береді. Жылыжайдың құрылысының арқасында барлық өсірілетін өнім сыртқы орта ықпалынан оқшауланды, яғни экологиялық таза болып табылады. Қосымша әсер ретінде – жылыжай кешені аумағына іргелес көгалдандырады.

Оқу орталығының Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Даулетияр Сейтимбетов елдегі азық түлік қауіпсіздігіне жәрдемдесетін аграрлық орталықтың дамуының маңыздылығына тоқталды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан 2050 стратегиясы атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында ауылшаруашылығын дамыту мәселесін қозғай келе, аталмыш салада елге ауқымды жаңғырту қажет» деген болатын. Жолдауда нақты міндеттер қойылған, оларға: экологиялық таза өнім құру, ұлттық бәсекеге қабілетті бренд, әлемдік азық түлік базарында көшбасшы болу және ауылшаруашылық өнімдерін ұлғайту кіреді, - деп атап өтті Даулетияр Сейтимбетов.

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің операциялық бөлімінің басшысы Жан-Луи-Лаврофф мырза "қаладағы ауылшаруашылық көптеген елдерге жасыл экономикаға көшуіне айтарлықтай ықпал жасайды - бұл бағдарламаның басты айырмашылығы, соның ішінде Еуропалық Одақ елдері және Казақстан да кіреді. Оқу орталығының басты мақсаты "Жасыл" тәжірибелерімен бірге инновациялық технологияларды  біріктіру арқылы Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық және экологиялық дамуына себеп болу.  Оқу орталығы ауылшаруашылық саласындағы қазіргі және болашақ мамандардың мүмкіндіктерін кушейту платформасы болып табылады",- деді Жан-Луи Лаврофф мырза.

БҰҰДБ-ның тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ханым оқу орталығы құрылған пилоттық жобаның мақсатын айта келе,  аталмыш жоба «жасыл» экономиканы бизнес секторға енгізу қағидасында нәтижелі үлгі болатынына сенім білдірді. «Аталмыш пилоттық жоба тиімді технология енгізу арқылы тәжірибеде ірі бизнес секторында бар «көгалдандыру» үлгісін көрсетеді. Бұл тек бір ғана мысал, ал егер еліміз ластататын кәсіпорындырдың әлеуетін пайдаланып оларды көгалдандырса, онда біз біртіндеп Париж келісімі аясында Қазақстанмен қабылданған міндеттерге қол жеткіземіз. Біз әлемде бар механизмдер мен технологиялар арқылы тіпті «ластандырылатын» деп аталатын қажеттіліктен құтыламыз. Әрине, олардың болмауы экология үшін керемет болар еді, алайда біз дәл қазір бар реалиялармен жұмыс істейміз. Бизнес сектор тиімділікті көрген кезде, бастысы осындай жобалардың тұрақтылығы, бұл жасыл бизнестің дамуы үшін үлкен мотиватор болады», - деп атап өтті ЕО/ БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен пилоттық жобаның бағытына тоқталған Алтангерел ханым.

Қазақстанның өңірлеріндегі түрлі кәсіпорындарындағы эксперименттік жобалар қоршаған ортаға және тұрақты экономиканың дамуына салмақты барынша азайтуымен «жасыл» экономикаға кезең-кезеңімен көшуге мүмкіндік береді.

«Жасыл экономика» моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/ БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасының мақсаты «жасыл экономиканың» тиімді қағидаларын тәжірибеде көрсету және сәтті жобалардың таралымын көбейту болып табылады. 

                                             

Негізгі ақпарат

«Жасыл экономика» моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/ БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасы елді «Жасыл экономика» моделіне көшуге ұзақ мерзімді тұрақты даму арқылы жетуге Қазақстанды қолдауға бағытталған. Жоба Еуропалық Одақтың 7,1 млн евро қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асады. Атқарушы серіктестері БҰҰДБ мен ЕЭО БҰҰ. Ұлттық серіктес - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Су Ресурстары комитеті.

 

Қосымша ақпарат үшін келесі мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Динара Салиева, электронды мекенжай: dinara.saliyeva@undp.org немесе мына телефондар бойынша: +7 7172 696550 (ішкі...2604), +7 777 220 29 21 немесе Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханымға хабарласыңыз (тел: +7 (7172) 97-45-67; e-mail: Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu)

Еуропалық Одақ біртіндеп өздерінің ноу хау, ресурстары мен тағдырларын біріктіруді шешкен 28 мемлекет мүшеліігінен тұрады. 60 жылдық кеңейту уақыты аралығында олар мәдени алуан түрлілікті, толеранттықты және бас бостандығын сақтай отырып тұрақтылықты, демократия мен тұрақты даму аймағын құрды. Еуропалық Одақ өз шекарасынан тыс елдер мен халықтардың жетістіктері мен құндылықтарын бөлісуге әзір.

БҰҰДБ елдер дағдарысқа қарсы тұра алу үшін олардың мемлекеттік құрылысына көмек көрсетіп және әрбір адам өмірінің сапасын жақсартуға жетелейтін өсімді ынталандырып және қолдап, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 177 ел мен аумақтарда жұмыс істей отырып, біз адамдардың толық құқықты өміріне жәрдемдесетін және мемлекеттердің өмірге төзімділігін арттыратын жаһандық көзқарас пен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.