ҚАЗАҚСТАНДА КЛИМАТ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТЫҢ ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГІСІНІҢ ГЕОПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Fri Oct 21 00:00:00 EDT 2016

24-25 қазанда Қазақстан Республикасының бейімделу және климат өзгеруіне байланысты туындайтын осалдылықты төмендету мәселелері бойынша іс-шаралар кешені өтеді.

2016 жылдың 24 қазанында Алматы қаласы, Шевченко көш., 15 мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының мәжіліс залында  геопорталдың пилоттық нұсқасының тұсаукесері өтеді. Аталмыш жоба Жерді қашықтықтан спутниктік зондтау деректерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы аумағындағы құрғақшылықты, құрғақшылық процестерін мониторингілеу және сараптауға арналған. Геопорталдың негізгі міндеті – ­­­­құрғақшылық туралы деректерге қызығушылық танытқан қазақстандық тұтынушыларға көруге ыңғайлы етіп беру. Бұл ақпараттар фермерларға, шешім қабылдаушы тұлғаларға және ауыл шаруашылығына қызмет көрсету саласындағы мамандарға аса пайдалы болмақ.

Бұл өнім БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) және Халықаралық ынтымақтастық (USAID) бойынша АҚШ агенттігінің қолдауымен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-ның бірлескен күштерімен жасап шығарылды.

Қазақстан астықты ірі экспорттаушы болып табылады. Алайда еліміздің көптеген ауылшаруашылық аймақтары жақсы жылдары (метеорологиялық жағдайлар тұрғысынан алғанда) жоғары өнім алатын, ал құрғақшылық жылдарында егіннің үлкен бөлігін жоғалту қаупі бар, егін шаруашылығы қиындау аймақтарға жатады. Құрғақшылықты болжаудың ерекшеліктерін білу – үлкен тәжірибелік маңызға ие. Себебі, құрғақшылық экспортталатын және импортталатын ауылшаруашылық өнімдерінің көлеміне әсер етуі мүмкін, бұл әсер өз кезегінде фермерлар мен мемлекет табысында айтарлықтай сезіледі.

Қазақстан аумағындағы құрғақшылықты мониторингілеу және болжауды жетілдірудің өзектілігін 2005-2008 жылдары қолайсыз  агрометеорологиялық құбылыстар мен зардап шеккен фермерлдік шаруашылықтардың сараптамасы  нақтылай түседі. Ол Қазақстандағы негізгі қолайсыз гидрометеорологиялық құбылыстар атмосфералық (шамамен 60%) және топырақ (шамамен 20%) құрғақшылықтары болып табылатынын көрсетті. Бұл жағдайда құрғақшылық мониторингісінің Геопорталы Қазақстан үшін, әсіресе құбылмалы ауа-райы жағдайында ауа- райы өзгеруінің әсерін жұмсартуда қажетті шаралар қолдану үшін  аса маңызды.

Геопорталды іске қосуда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ведомстволық бағынышты ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, сонымен қатар басқа да мүдделі тараптар қатысады.

25 қазанда Қазжол қонақүйінде  «Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделудің артықшылықтары» атты семинар өтеді.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының жетінші ұлттық байланысты әзірлеу бойынша БҰҰДБ жобаларының мамандары, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінен ауыл шаруашылығындағы бейімдеу мамандары қатыады деп күтілуде. Бұл климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ынтымақтастықты дамытудағы аймақтық болжауды бөлісуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары жиілеп кеткен табиғат құбылыстары көптеген  төтенше оқиғалардың орын алуына себеп болды. Бұл өзгерістердің барлығын ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, денсаулық сақтау және басқа да экономиканың климатқа тәуелді секторларында ескеру қажет.

Ауыл шаруашылығы, болжау, ғарыштық технологиялар, климат өзгерісі және гидрометеорология  саласындағы мамандар климат өзгерісі жағдайларына бейімделудің әдістері мен технологияларын ұсынатын болады. Сондай-ақ «Қазгидромет» мамандары Қазақстан аудандары бойынша алдымыздағы қыс мезгіліне болжам жасайды.

 БАҚ өкілдері геопортал тұсаукесеріне шақырылады.

Өтетін орны және уақыты: 24 қазан, 2016 ж., Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының мәжіліс залы,  Алматы қ.,  Шевченко көш., 15,  11.00-ден  13.30-ға дейін.

Өтетін орны және уақыты: 25 қазан,  2016 ж.,  Қазжол қонақүйі, Алматы қ., Гоголь көш., 127/1. Сағ: 9.30.

Аккредитация және қосымша ақпарат үшін sunmo@mail.ru поштасына жазыңыз,  БҰҰДБ ұлттық байланыс ақпараттандыру және қоғаммен байланыс 7-жобасының маманына  8-777-767-77-99 тел.нөміріне хабарласыңыз.

 

***

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту бағдарламасы (БҰҰДБ)- мүше елдерге білім, тәжірибе және ресурстарға қосылу мүмкіндігін беру арқылы адамдардың өміріне оң өзгерістер енгізуді қолдайтын БҰҰ-ның жаһандық даму желісі. Біз даму саласындағы жаһандық және ұлттық проблемалардың шешімін табуға көмек көрсете отырып,  177 мемлекет аумағында жұмыс істейміз. Өздерінің әлеуетін дамыту процесінде мемлекеттер БҰҰДБ қызметкерлерінің және оның серіктестерінің білімі мен тәжірибесін қолданады.