БҰҰДБ/ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасы Орталық Азияның белсенді жұмылдырылуы жөнінде ұсыныстар жасады

Wed Oct 12 00:00:00 EDT 2016

2016 ж. 22-23 қыркүйекте «Көліксіз күн»  дүниежүзілік күніне орай  БҰҰДБ/ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасы Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Елшілігінің қолдауымен және UrbanTalks ынтымақтасса отырып Алматыда (Қазақстан)  «Cycling and walking. My path. Future of my city»/«Велосипедке отыру және жаяу жүру. Менің жолым – менің қаламның болашағы» атты халықаралық конференциясын өткізді.

БронвенТорнтон, Walk21 даму жөніндегі  директоры (Ұлыбритания): ұлттық деңгейде де, сол сияқты жергілікті деңгейде де жаяу қозғалуды дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеру салдарын жұмсарту туралы Париж келісімінің мақсаттарын орындауға мүмкіндік туғызатын  жаяу қозғалуды дамыту саясатын жүргізу қажеттігін атап көрсетті.

МануэльПроэль, Вена қ. әкімшілігі (Австрия): адамдардың жаяу жүруді жиірек таңдауына, ал алысырақ жолға шыққанда велосипедті пайдалануына  не түрткі болғаны туралы нақты мысалдар мен деректер келтірді, сондай-ақ жайлы  қозғалысты қамтамасыз ету үшін қазіргі қала инфрақұрылымын өзгерту жөнінде нақты шаралар ұсынды. 

ЙерунБуис, JB Mobility (Нидерланды): дамушы елдерде велоинфрақұрылым жобалаудың негізгі трендтерін сипаттады, сондай-ақ қалалық велокөліктерді дамыту кезіндегі табыстар мен сәтсіздіктердің себептеріне талдау жасады және оның ілгерілетудің негізгі факторларын атап өтті.

Талқылау нәтижелері бойынша сарапшылар қалалық аймақтарда мынадай проблемалар мен шақыруларды анықтады:

- Көшелер мен «жасыл» аймақтарды қалпына келтіру/жөндеу жобаларын дайындау кезінде велоинклюзивті тәсілдердің болмауы;

- Үкімет органдары мен жобалау ұйымдарында білікті персоналдың жетіспеуі, бұл қолданыстағы жол инфрақұрылымына көлік түрі ретінде велосипедті кіріктіру қабілетсіздігіне, сапалы инфрақұрылым мен қала аймақтарын дамытудың интеграцияланған жоспарының болмауына  алып келеді;

- Үкімет органдарындағы жоба бөлігіндегі түсініксіз шектеулер. Сонымен, қалалық жұмылдыруды дамыту үшін жауапкершілік бірден бірнеше департаменттердің басқаруына түседі және Әкімнің әртүрлі орынбасарлары жетекшілік жүргізеді және т.б.

Конференцияға, Ресейден, Ұлыбританиядан, Австрия және Голландиядан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген сарапшылар мен Қазақстан қалаларының өкілдерін  қоса алғанда, 100 ден астам адам қатысты.

Конференция шектерінде мынадай қосымша іс-шаралар көзделді:

- голландық сарапшы Йеруна Буисаның, БҰҰДБ/ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасының сарапшысы  Дмитрий Корниевскидің және архитектор LightSpace Әділ Әжиевтің қатысуымен «Қауіпсіз велоинфрақұрылымды жобалау» шеберлік-сыныптарын өткізу;

- Бекмамбетов синема (ТЦ «Алмалы») кинотеатрында «Bikevs. cars» фильмін  тегін көрсету;

- Денис Кин ұсынған Алматының орталығын жаяу аралау туры;

- Александр Габченко басшылық жасаған Алматы қ. назар аударарлық орындарын шолып шығу үшін 10 км. велосипедпен экскурсия;

24 қыркүйек күні «Вело-Алматы» бастамашы тобы жобаға көмек көрсеткен ұйымда өткізілген TourdeKids балалардың веложарысы қорытынды іс-шара болды.                          Жарысқа 2-ден 7 жасқа дейінгі 180 бала қатысты. 

Contact information

Click / tap here to add contact info