Климат өзгереді, ал сен ше?» жөніндегі ең жақсы материалға журналистер арасында жарияланатын республикалық конкурс

Fri Sep 30 00:00:00 EDT 2016

БҰҰДБ «Климаттың өзгересі жөніндегі БҰҰ шектемелі конвенция  мен екіжылдық баяндама аясындағы  Қазақстан Республикасының  ұлттық қатынасының әзірлемесі» жобасы экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және климаттың өзгеруі тақырыбына журналистер арасында конкурс жариялайды.

            Конкурс экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және климаттың өзгеруі проблемалары қызықтыратын қазақстандық БАҚ журналистері арасында өтеді. Конкурсқа тапсырылған  бір бағыт бойынша  орындалған жұмыстар  2016 жылдың 30 қыркүйек пен 30 қазан арасында қабылданады.

          Конкурстың бағыттары:

Климаттың  ғаламдық өзгерісі, оның салдары мен проблемалары  туралы. Аталған проблемалардың тиімді шешім жолдары.

Климаттың өзгеріс себептерін талдау.

Климаттың өзгеруі мен оның денсаулыққа әлеуетті әсер етуі

Климаттың өзгерісі мен болжамы.

Қазақстанда және әлемдегі климаттың өзгеруі. Климаттың өзгерісіне бейімделу туралы табысты жобалар.

Климаттың био әртүрлілігі мен өзгеруі.

 

Қатысу шарттары:

1. Конкурсқа Қазақстан Республикасы аймағында жұмыс істейтін БАҚ қызметкері болып табылатын Қазақстан Республикасының кез келген азаматы және журналистер-фрилансерлер қатыса алды.

2. Конкурсқа ұсынылатын жұмысты жеке адам орындауы тиіс,  авторлар қосылып жасалған жұмыстар қабылданбайды.

3. Конкурсқа қатысуға электрон түріндегі жұмыстар ғана қабылданады.

4. Жұмыстар қазақ тілінде қабылданады.

5. Жұмыстар жасырын болғандықтан конкурсқа  екі файл тапсырылады – біріншісінде жұмыстың атауы мен мәтіні авторы көрсетілмей беріледі, екінші файлда – автор толтырған өтінім бланкісі беріледі.

6. Барлық қатысушылар конкурс ережесімен танысып, келісімі жөнінде өтінімге қол қоюға тиісті. Ережені конкурс ұйымдастырушыларынан сұрауға болады және хабарлама мен конкурсқа қатысу туралы  өтініммен бірге таратылуға тиісті.

7. Жариялымдарда нақты деректілер мен мәлімдемелерді, сарапшылардың комментарияларын пайдалану  және    БҰҰДБ «Климаттың өзгересі жөніндегі БҰҰ шектемелі конвенция  мен екіжылдық баяндама аясындағы  Қазақстан Республикасының  ұлттық қатынасының әзірлемесі» жобасының ролі мен әрекет етуін және оның климаттың өзгеру мәселесіне деген қосқан үлесін талқылау құпталады.

 Барлық материалдар pressservice2013@gmail.сom  және sunmo@mail.ru электронды пошталарына жолдануы тиіс.

Ереже

Анкета

Жұмыстардың соңғы берілу мерзімі - 30 қазан!

        Конкурсқа қатысу шарттарымен хабарламамен бірге берілетін Ережені оқып таныса аласыз, зейін қойып оқыңыз!

        Жеңімпаздар 2016 жылдың қазан айының ортасында белгіленеді және жобаның бағалы сыйлықтарымен марапатталады: бірінші орынға-ноутбук, екінші орынға-планшет, үшінші орынға-фотоаппарат.