Семинар: «Қазақстанның Жасыл климаттық қормен өзара әрекеттесуін күшейту»

Wed Sep 07 00:00:00 EDT 2016

Астана, 6 қыркүйек 2016 ж. – Жаһандық деңгейде орнатылған жаңа әлемдік тәртіп климаттың өзгеру салдарына бизнестің бейімделуін топшылайды. Жаңа, төмен көмірсутекті технологияларды енгізу және жылыжай газдарын шығаруды төмендету мақсатында халықаралық бизнес-қауымдастыққа қысым артады. Күн сайын экологияға мен жылыжай газдарының эмиссиясына назар аудармай ірі инвестициялық жобаларды іске асыру қиындап барады және бұл идеология 2015 жылдың соңында бекітілген Париж Келісімінің негізі болды.

Бизнес сектор мен елдің экологияға салмақ түсіруін төмендету мақсатында инновациялық жүйелер мен жаңа технологияларды енгізу едәуір қаржылық құралдарды салуды көздейді. Бұл сын-тегеурінді шешу үшін Жасыл климаттық қор құрылды – дамып келе жатқан елдерге климаттың өзгеруіне бейімделу және болдырмау үшін көмектесуге бағытталған ірі қаржылық механизм.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі өзінің ұстанымын растай отырып, Қазақстан бірқатар қадамдарды жасап үлгерді – 2050 Ұлттық Стратегиясын қабылдау, Жасыл Экономикаға ауысу жөніндегі Тұжырымдама және СО2 азайту жөніндегі міндеттемелерді орындауды қарастыратын, жақында қол қойылған Париж Келісімі. Барлық осы қадамдар Қазақстанның қоршаған ортаның құлдырауын тоқтатуға бел байлағандығының нышаны болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасы елдің төмен көмірсутекті даму бастамасын қолдап, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп, Жасыл климаттық қор өкілдері қормен ынтымақтасу мүмкіндіктері және Қазақстан үшін келешегі туралы толығырақ айтып берді.

«Қазақстан жылыжай газдарының шығарылуын төменжету жөніндегі өр мақсатты өз мойнына алды. Аталған мақсатты іске асыру экономиканың құрылымдық түрленуіне алып келеді, оның ішінде ауқымды, технологиялық модернизация арқылы. Бұл елге инвестициялауды іздеуді және белсенді тартуды талап етеді. Жасыл климаттық қормен БҰҰДБ сияқты аккредиттелген ұйымдардың көмегімен жұмыс істеу Елбасы тапсырған тапсырмаларды орындау үшін ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сәдібеков мырза.

«БҰҰДБ, Қазақстанның көп жылдық әріптесі бола отырып, Қазақстанның жасыл экономикаға ауысу жөніндегі Тұжырымдамасын әзірлеуге жәрдемдесті. БҰҰДБ жаңа күн тәртібі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, сонымен қатар маңызды ұлттық және халықаралық қаржылық ұйымдармен, оның ішінде Жасыл климаттық қормен стратегиялық әріптестікті белсенді құру арқылы Қазақстанның жасыл экономикаға ауысуы үшін қолдауға бағытталған. Қазақстанның Жасыл климаттық қормен өзара әрекеттесуі Қазақстан экономикасының түрлену механизмдерін іске қосуға көмектеседі», - деді Мунхтуя Алтангерел, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары.

Конференцияға БҰҰ, министрліктердің, дипломатиялық миссиялардың, бизнес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Contact information

Қосымша ақпарат үшін келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Дина Тельтаева, электронды мекенжайы: dina.teltayeva@undp.org немесе: +7 7172 696 550 (ішкі 2124) телефон нөмірі бойынша немесе Динара Салиева, электронды мекенжайы: dinara.saliyeva@undp.org немесе: +7 7172 696550 (ішкі 2604) сот +7 702 845 0527 телефон нөмірлері бойынша.