Қазақстан, БҰҰДБ және Жапония Ауғанстан әйелдерінің экономикалық дербестігі мен құқықтарын арттыруға бағытталған Қазақстанның ДРК пилоттық жобасын іске қосады

Fri Aug 19 00:00:00 EDT 2016

19 тамыз 2016, Астана қаласы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Жапония Үкіметі және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі Ауғанстан әйелдерінің экономикалық дербестігі мен құқықтарын арттыруға бағытталған «Қазақстанның Ауғанстанмен дамуға ресми көмек көрсету саласындағы ынтымақтастығына жәрдемдесу» атты Қазақстанның ДРК бойынша пилоттық жобасын іске қосты. Жоба Қазақстанның дамуға ресми көмек көрсетудің (ДРК) ұлттық жүйесі аясындағы Ауғанстанмен жасасқан халықаралық ынтымақтастығының алғашқы тәжірибесі болмақ және ол Қазақстанның болашақта ДРК-ге әкімшілік ету саласындағы өз әлеуетін нығайтуына көмектеседі. Жобаны Жапония Үкіметі БҰҰДБ мен Жапонияның Серіктестік қоры арқылы қаржыландырады.

Бұл жобаның мақсаты екі негізгі міндеттен тұрады. Біріншіден, ол - Қазақстанның дамуға ресми көмек көрсету (ДРК) жобасын әзірлеу мен іске асыруға белсенді қатысуы үшін бірегей мүмкіндік беру. Екіншіден, ауған әйелдерінің экономикалық дербестігі мен құқықтарын арттыру арқылы Ауғанстанның әрі қарайғы дамуына айтарлықтай үлес қосу. 

2014 жылы қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰДБ Қазақстанның басқа елдерге елдерге көрсететін көмегін жүйелеу, сондай-ақ оны елдің сыртқы саясатының басымдықтарымен сәйкестікке келтіру мақсатында Қазақстанда ДРК ұлттық институтын дамыту бойынша жобаны іске қосты. Қазіргі кезде, бейбітшілік пен қауіпсіздікке жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Орталық Азия, Латын Америкасы және Тынық мұхит өңірі елдеріне гуманитарлық көмек пен оларды дамытуға бағытталған көмекті көрсетіп келді және көрсетеді. Былтыр Қазақстан БҰҰДБ-мен бірлесіп, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және мұнай мен газ өндіру салаларында маманданып жатқан африкалық орта буын мамандарын оқытты.

«Қазақстанның Ауғанстанмен дамуға ресми көмек көрсету саласындағы ынтымақтастығына жәрдемдесу»  жобасының арқасында Қазақстан бұдан әрі қарай да ДРК жүйесін біріздендіріп, басқа елдерге тиімді, ұтымды және ашық негізде көрсетілетін даму саласындағы көмекті жоспарлау, іске асыру, мониторингілеу және бағалау бойынша қажетті тәжірибе алады. Жоба БҰҰДБ қолдауымен іске асырылады. Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Қазақстан мамандарына ДРК жобаларын іске асыру саласындағы озық тәжірибемен алмасу мүмкіндігін береді деп жоспарлануда. 

Дамуға ресми көмек көрсету ұлттық жүйесін қалыптастыру Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру басталған алғашқы жылдарда Қазақстанның халықаралық күн тәртібіндегі осы мәселеге қол жеткізуіне ұстанымының барынша байыпты екенін растайды. Батыл әрі мейлінше өршіл ОДМ Мыңжылдық даму мақсаттарының (МДМ) аяқталмаған істерін аяқтауға, дамыған елдерді де, сондай-ақ дамушы елдерді де орнықты дамудың өзара байланысты үш элементі: экономикалық өсім, әлеуметтік ықпалдасу және қоршаған ортаны қорғау бойынша бірлесіп жұмыс жасауға біріктіруге бағытталған. Мұндай өршіл күн тәртібін өмірге ендіру және қаржыландыру үшін әлемнің барлық елдерінің келісілген күш-жігері талап етіледі, ол Қазақстанның өз ДРК жүйесін дамытуға деген ниетін уақытылы әрі қажетті етеді.

Соңғы жылдары Қазақстан ұлттық деңгейдегі ДРК әлеуетін дамыту үшін көп нәрсе жасады, біз заң қабылдадық, сондай-ақ ҚР-да ДРК-ны институционалдандыру бойынша барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз ДРК жүйесі мен әлеуетінің негізгі басымдықтарын анықтады,, қазір белгілі бір фазалық күй сатысында тұрмыз. ДРК ЭЫДО-ның аса маңызды бөлігі болып табылады, біз ЭДЫО-мен аталған мәселе бойынша бірлесіп жұмыс жасаймыз.

«Соңғы жылдары Қазақстан ұлттық деңгейдегі ДРК әлеуетін дамыту үшін көп нәрсе жасады, біз заң қабылдадық, сондай-ақ ҚР-да ДРК-ны институционалдандыру бойынша барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз ДРК жүйесі мен әлеуетінің негізгі басымдықтарын анықтады,, қазір белгілі бір фазалық күй сатысында тұрмыз. ДРК ЭЫДО-ның аса маңызды бөлігі болып табылады, біз ЭДЫО-мен аталған мәселе бойынша бірлесіп жұмыс жасаймыз», – деді Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мырза.

«Көп қырлылық қағидатының батыл жақтаушысы бола отырып және даму саласындағы серіктес ретінде Қазақстан өз елінде де, сондай-ақ бүкіл әлемде де орнықты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыруда үлкен рөл атқара алады. Өзінің тәжірибесімен және техникалық білімімен бөлісе отырып, Оңтүстік-Оңтүстік және ДРК ынтымақтастығы аясында сауда мен инвестицияларға жәрдемдесе отырып, Қазақстан басқалардың да дамуына қолдау көрсететін болады»,- деді  БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырза.

«Бұл жобаның негізі Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Жапонияның Премьер-Министрі С.Абэнің өткен жылы қазанда Қазақстанға келген сапарында қол қойған бірлескен мәлімдемесі болып табылады. Жобаны Жапонияның Серіктестік қоры мен БҰҰДБ Жапония Үкіметінің қайырымдылыққа бөлген қаражатынан қаржыландырады. Жобаны іске асыру Жапония үшін Қазақстанның өңірдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында іске асырып жатқан шараларына белсенді қатысуына жақсы мүмкіндік болады деп үміттенемін», – деді Жапонияның Қазақстандағы Елшісі  Ичиро Кавабата мырза.

«Қазақстан, Жапония және БҰҰДБ Ауғанстанда Саясат және әлеуетті дамыту мәселелері бойынша әйелдер істері жөніндегі министрлікке көмек көрсетуді қоса алғанда, елдегі гендерлік теңдікке қолдау көрсету үшін бірқатар кешенді шараларды қамтамасыз етеді. Ауғанстан Ислам Республикасының атынан мен барлық тараптарға көрсетіп жатқан қолдау үшін алғысымды білдіремін», – деді Ауғанстанның Қазақстандағы Елшісі   Мохаммад Фарук Бараки мырза.

«Мен 2014 жылы желтоқсанда JICA Қазақстан Республикасының Үкіметінен 7 лауазымды тұлғаны Токиоға ДРК жүйесінің тарихы мен тәжірибесін зерттеуге шақырғанын атап өткім келеді, осы кезде Қазақстан Үкіметі Қазақстанның ДРК жүйесін құру туралы заң қабылдаған болатын. Енді мен Қазақстан, Жапония, Ауғанстан, БҰҰДБ және JICA арасындағы шынайы серіктестік негізінде жүзеге асырылатын бұл жоба JICA-мен ынтымақтастықтың екінші кезеңіне айналады деп шын жүректен сенемін», – деді Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Шығыс және Орталық Азия мен Кавказ елдері департаментінің бас директоры Тошинобу Като мырза. 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестіруші Дина Телтаевамен мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: эл. пошта dina.teltayeva@undp.org немесе тел.: +77172 69 65 44 (2124)

 

###  ###  ###

БҰҰДБ елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсетеді, қоғамның барлық топтағы өкілдерімен олар дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға алып келетін өсімді көтермелей және қолдау көрсете отырып,ынтымақтаса жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде 170-тен астам ел мен аумақта жұмыс істей отырып, біз адамдардың мейлінше толық құқылы өмір сүруіне және мемлекеттердің өміршеңдігін арттыруға ықпал ететін жаһандық пайымдау мен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.