БҰҰДБ «Жасыл экономика – бәсекеге қабілетті елдер үшін экономикалық дамудың бірден-бір моделі» баспасөз конференциясын өткізеді

Wed Jul 20 00:00:00 EDT 2016

20 шілде 2016ж., Астана  – Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қызметкерлері Орталық коммуникациялар қызметінде «Жасыл экономика – бәсекеге қабілетті елдер үшін экономикалық дамудың бірден-бір моделі» тақырыбына баспасөз конференциясын өткізді.

 Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Президентінің  жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің 4-отырысы барысында «жасыл емес» жобаларды қаржыландыру барған сайын қиындай түсетінін, демек, қоңыр экономикалы елдердің маңызды жаһандық экономикалық үдерістерден шығып қалатынын мәлімдеді.

Қазақстан 2013 жылы жасыл экономикаға көшу туралы тұжырымдаманы бекітті.   Тұжырымдамада табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, қазіргі инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа инфрақұрылым салу, қоршаған ортаға қысым жасауды жұмсарту арқылы халықтың игілігін арттыру, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, оның ішінде су қауіпсіздігін арттыру секілді маңызды бағыттар бойынша жұмыстар көзделген.

Бұл саладағы ең байырғы серіктестердің бірі биыл өзінің елу жылдығын атап өткелі отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) болып табылады.  

Әлемнің 10-нан астам елдерінде жинақталған жарты ғасырлық тәжірибесімен БҰҰДБ Қазақстанмен өзінің озық әлемдік практикаларымен, жасыл экономика саласындағы білімімен және тәжірибесімен бөліседі.   

Жасыл экономика –  көптеген салаларды қамтитын кешенді ұғым. Олардың арасында су секторы, энергия тиімділігі, экожүйелер қызметін экономикалық тұрғыдан бағалау мен есепке алу, климаттың өзгерісіне бейімделу және т.б. бар.

Мысалы, Қазақстанда экожүйелер қызметін және олар бойынша төлемдерді  есепке алуды дамыту қажет. Мысалы, егер Қазақстанның ІЖӨ-дегі ауыл, орман және балық шаруашылығының үлесі 4,7%-ды (2015 жылғы жағдай бойынша) құраса, онда олардағы экожүйелер қызметінің үлесі 0,02%-дан аспайды. Бұл – өте төмен көрсеткіш.

 Екінші жағынан, азық-түлік қауіпсіздігі. Бұл үдерісте жасыл экономиканың көлі қандай болмақ? Егер ылғал үнемдейтін технологияларды уақытылы енгізіп, игермесе және фермерлердің Қазақстанның айрықша климаттық жағдайларына бейімделуіне уақытылы көмектеспесе, онда тең Қазақстан үшін, стратегиялық маңызы бар   бидай секілді маңызды өнімді өсірудегі қиындық тек Қазақстанға ғана емес, Қазақстаннан бидай алатын бүкіл өңірге де қауіп төндіреді. Қазақстан 2015ж. 14.6 миллион тонна бидай өндірді. Алайда, неғұрлым заманауи жасыл технологияларды ендірген кезде Қазақстан жылына 22 миллион тоннаға дейін бидай өсіре алады.

Жасыл тәжірибелер мен технологияларды ендірудің осы басқа да әдістері баспасөз конференциясында талқыланды.