Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Әкімшісінің көмекшісі Қазақстанда жүргізіліп жатқан «трансформацияның күші мен жылдамдығына» назар аудара отырып, БҰҰ ДБ-ның соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанға қолдау көрсететін маңызды қызмет салаларын атап көрсетеді

Wed May 25 00:00:00 EDT 2016

25 мамыр 2016, Астана қаласы – БҰҰ Бас Хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламысы Әкімшісінің көмекшісі, Еуропа және ТМД елдеріндегі БҰҰ Даму бағдарламысы өңірлік бюросының басшысы Джихан Султаноглу ханым Астана Экономикалық Форумы аясында өткен «БҰҰДБ-ға 50 жыл: Орнықты Даму Мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеу» конференциясының негізгі баяндамашысы болды.   

Конференцияда БҰҰДБ-ның 50 жылдық тәжірибесінің Қасақстанды қоса алғанда, түрлі елдердегі  даму үдерісіне қаншалықты үлес қосқаны, сондай-ақ 2015 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер ратификациялаған жаңа Орнықты Даму Мақсаттары (ОДМ) «Қазақстан – 2050» секілді Қазақстанның  ұзақ мерзімді пайымдауымен, «100 нақты қадам» секілді орта мерзімді бағдарламаларымен тығыз байланысты екені қарастырылды. БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта өткен 23 жыл ішінде Қазақстан Үкіметі дамудың маңызды кезеңдерінде: 1990 жылдардың басында халық үшін орнықты тіршілік әрекетін жасау мен жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларға дейін; экологиялық апаттардан кейінгі қалпына келтіруден 2010 жылдан басталған институционалдық, саяси және заңнамалық даму үдерістеріндегі кейінгі кезеңдерді іске асыруда ең үздік серіктес ретінде қызмет көрсетуге дейін қолдау көрсетіп келді.

Әкімшінің көмекшісі соңғы бес жыл ішінде БҰҰДБ қолдау көрсететін аса маңызды төрт саланы бөліп көрсетті: олар - теңсіздіктің әлі де сақталып отырған түрлерін түбірімен жою; «соңғы миль» басқару реформасына қолдау көрсету; табиғи және антропогенді апаттарға төзімділікті күшейту; заманымыздың басқы қауіп-қатері – климаттың өзгеруі. БҰҰДБ Қазақстанның өңірлік және жаһандық деңгейде проблемаларды шешудегі, ОДМ-ды ілгері апару мақсатындағы ұлттық және халықаралық күш-жігеріндегі күннен-күнге өсіп келе жатқан рөліне қолдау көрсетуді жалғастыра береді.  «Кейінге көз салсам,  менің Қазақстандағы трансформацияның күші мен жылдамдығына куә болғаным үшін кеудем мақтаныш сезімі кернейді. Ел 2015 жылы 188 елдің ішінен 56 орынға ие болып, Адам дамуының жоғары мәртебесіне қол жеткізді. Әсіресе жаһандық қаржылық және экономикалық даму қарқыны баяулап тұрған осы кезеңдегі маңызды нәтижелерді бағаламауға болмайды. Оның үстіне, Қазақстанның осы трансформациялық үдерістерге бағыт берген көшбасшылығы мен стратегиялық пайымы жалғасуда.   БҰҰДБ үшін дер кезінде техникалық және мақсатты қолдау көрсете отырып,  дамудың осы стратегиялық үдерістерінің бір бөлігі болу – үлкен құрмет» - деді Султаноглу ханым.

«Өзінің 20 жылғы жұмысында БҰҰДБ Қазақстан Үкіметімен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіпкерлермен және мүдделі тұлғалармен бірлесіп 180-ге дуық жобаларды іске асырды. Бұл жобалар біздің елімізді өзгертуге көмектескен көптеген қызықты әрі инновациялық идеяларды өмірге енгізуге жәрдемін тигізді», - деді конференция кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ханым.