БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің көмекшісі Астана экономикалық форумы (АЭФ) аясында өтетін баспасөз конференциясына қатысады

Thu May 19 00:00:00 EDT 2016

Құрметті журналистер,

Сіздерді БҰҰ Бас Хатшысының көмекшісінің, БҰҰ Даму бағдарламысы (БҰҰДБ) Әкімшісінің көмекшісінің, Өңірлік Бюроның Еуропа және ТМД елдері бойынша директоры Джихан Султаноглу ханымның қатысуымен Астана экономикалық форумы аясында өтетін баспасөз конференциясына шақырамыз. Бұрын Султаноглу ханым БҰҰДМ Персоналмен жұмыс жөніндегі директор, сондай-ақ БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі, Өңірлік Бюро Директорының орынбасары (2007-2010); Беларусиядағы (2004-2007) және Литвадағы (2000-2005) БҰҰДБ Тұрақты өкілі лауазымдарын атқарған.

Баспасөз конференциясы кезінде Султаноглу ханым 2015 жылы БҰҰ-ға мүше елдер ратификациялаған Орнықты даму мақсаттары (ОДМ), сонымен қатар БҰҰ мен БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда ОДМ-ды орындауға, оның ішінде жасыл экономика тұжырымдамасын ілгері жылжыта отырып орындауға қандай қолдау көрсете алатыны туралы айтады. Әкімшінің көмекшісі өз сөзінде сонымен бірге Даму бағдарламасының мерейтойы мен республикада БҰҰДБ өкілдігі ашылғалы бері соңғы 23 жыл ішінде Қазақстанда орнықты және инклюзивті дамуға қол жеткізуге БҰҰДБ-ның қосып келе жатқан үлесі туралы әңгімелеп береді.   

Әлемнің 177 елінде жинақталған жарты ғасырлық тәжірибемен БҰҰДБ елдерге даму жетістіктеріне қолдау көрсету үшін тұжырымдамалар әзірлеуге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, серіктестік пен институционалдық әлеуетті  орнықтыру мүмкіндіктерін ұлғайтуға, сондай-ақ өмірге төзімділікті күшейтуге көмектеседі. БҰҰДБ инклюзивті дамуды, ең жақсы әлеуметтік қызметтерді, экологиялық тұрақтылықты, тиімді басқару мен қауіпсіздікті ілгері апару үшін жұмыс жасайды, бұл дамудағы прогресс үшін айрықша маңызды.

Баспасөз конференциясы Астана экономикалық форумы (АЭФ) аясында өтеді:

Өтетін орны: Тәуелсіздік сарайы, Баспасөз конференциясы залы, 2-қабат

Өтетін күні: 26 мамыр 2016 ж.

Өтетін уақыты: 10:30-11:00

 

АЭФ журналистер үшін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының жұмысы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Біз сонымен қатар БҰҰДБ ұйымдастырған мынадай сессияларға да қатысуға шақырамыз:

  • “БҰҰДБ-ға 50 жыл: Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттей отырып»  - бұл сессия барысында БҰҰДБ-ның БҰҰ-ның негізгі агенттігі ретінде соңғы 50 жыл ішінде дамуға қосқан жаһандық үлесі контексінде  соңғы 23 жыл ішіндегі БҰҰДБ жетістіктері мен Бағдарлама жұмысының нәтижелері туралы пікірталас өтеді. Сессияға қатысушылар сондай-ақ БҰҰДБ-ның ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі жұмыстарының аясында Қазақстанға көрсетіп отырған қолда бар және жоспарланып отырған қолдау-көмегін талқылайды. (25 мамыр, 09:30-11:10, “2-премиум” залы)
  • “Жасыл экономика: әлеуметтік инновациялар, экономикалық өсу және экология” – бұл сессия барысында қатысушылар инновациялық тәжірибелердің көмегімен экономиканы әртараптандыру және оны «жасылдандыру» жергілікті және жаһандық деңгейде орнықты даму мәселесіне ықпал ете алатынын талқылайды. (25 мамыр, 11:30-13:00, “2-премиум ” залы)
  • “Институционалдық реформаларды табысты іске асыруға арналған кәсіби мемлекеттік аппарат” – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, сондай-ақ Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабпен бірлесіп, БҰҰДБ-мен серіктестікте ұйымдастырылған сессия. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласындағы жоғары стандарттарды ілгері апару, сондай-ақ осы саладағы озық практикалармен және тәжірибелермен алмасу. (26 мамыр, 09:00-10:20, 1-рәсімдер залы)

Журналистерге арналған баспасөз конференциясы, сессиялар және аккредитациялар туралы қосымша ақпарат алу үшін БҰҰДБ жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Дина Телтаеваға мына эл. пошта dina.teltayeva@undp.org және мына тел.: +7 (7172) 696 544 (доб. 2124) бойынша хабарласыңыз.

UNDP Әлемде

Қазір Сіз UNDP Қазақстан 
Өту БҰҰДБ Жаһан

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Македония Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Свазиленд патшалығы Сенегал Сербия Сирия Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан