Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы әңгіме өрбітті

Tue Mar 29 00:00:00 EDT 2016

БҰҰДБ 1992 жылдан бастап, Қазақстанда ҚР Үкіметімен, қоғамдық ұйымдармен және т.б. серіктестерімен 200ден аса жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен астықтың өнімділігін жоғарлату, биоәртүрлілік, жайылымдарды суландыру және т.б. жобалар іске асырылды. Мәселен, алқаптарда астықты өсірудің бейімдеу шараларын енгізудің арқасында астықтың өнімділігін 30 %¬¬-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

БҰҰДБ 2016-2020 жылдарға арналған Мемлекетаралық бағдарламаға сай ҚР Үкіметінің ұлттық міндеттеріне сай өз қызметін бұдан былай да жалғастырмақ.

Ауыл шаруашылығының маңызды бағыттары мен жетістіктерін популяризацилау мақсатында ҚР АШМ мен БҰҰДБ бірлесе БАҚ өкілдері үшін арнайы семинар өткізді. Аталмыш шарада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков саладағы соңғы 5 жыл ішіндегі жетістіктерін баяндады.

Атап айтқанда, 2013 жылы 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көлемі едәуір артты, мәселен 2010 жылы мемлекеттік қолдау 56,4 млрд. теңгені құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 176млрд. Теңгеге дейін өсті.

Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.

Ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бірігуіне кедергі жасайтын барьерлерді жою үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды.

Сондай-ақ, органикалық өнім өндірісін дамытуға жағдай жасайтын «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды.

Мұнымен бірге, тұқым шаруашылығы, асыл-тұқымды мал шаруашылығы, АӨК мемлекеттік реттеу саласында ілеспе Заңға толықтырулар енгізілді. Бұл АШТӨ-ге асыл-тұқымды өнім нарығына заңды және жеке тұлғаларға тең мүмкіндікті қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендету, асыл-тұқымды және селекциялық жұмыстарды өздігінен реттеуге беру және сортты сынау үшін қажетті уақыт аралығын жоятын озық селекциялық жетістіктерді қолдануға рұқсат беру мүмкіндігін береді.

2015 жылы ауыл шаруашылығының ішкі жалпы көлемі 4,4%-ға ұлғайып, 2,7 трлн. теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік 5,6% (1,5 трлн. теңге) және мал шаруашылығы 3,2% (1,2 трлн. теңге) өнімдерінің өндіріс көлемінің ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді.

Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға инвестиция көлемі 28%-ға артып, 55,9 млрд. теңгені құрады. Десек те, ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестиция көлемі 6,3%-ға төмендеп, 167,1 млрд. теңге болды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі        БҰҰДБ жобаларынын PR қызметі

+7 (7172) 555-765             +7(7172)696550,2309

minagripress@gmail.com             ainur.baigozha@undp.org

www.minagri.gov.kz      www.kz.undp.org