БҰҰДБ Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдығын тойлау шеңберінде Қазақстандық Вальс Балын өткізуге атсалысқаны үшін әріптестеріне өз ризашылығын білдіреді.

Thu Dec 10 00:00:00 EST 2015

Астана, 9 желтоқсан 2015 - 11 желтоқсан сағат кешкі 19:00-де «Салтанат сарайы» (Қабанбай батыр даңғылы, 8 үй) қабылдау үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстандық Волонтерлар Альянсымен бірлесе, «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 ынтымақтастықта Қазақстандық Вальс Балы өтеді.  

Осы өткізілетін Бал БҰҰДБ өз серіктестеріне ризашылықтарын білдіруге және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының бірлесе өткізетін жұмыстарына олардың қосқан үлестерін мойындауға мүмкіндік береді.

“БҰҰДБ Қазақстанда өз өкілдігін 1993 жылы ашты. Осы 23 жыл ішінде Қазақстан Үкіметімен бірге ел дамуына қажетті барлық мүдделермен жұмыс істедік. Қазақстан Мыңжылдық Даму Мақсатын орындай отырып, көптеген игі істерді атқарды. Ел Орнықты Дамудың жаңа мақсаттарына қол жеткізу үшін белсенді көмектесе беретін болады, ол негізінен жаңғыртылатын энергия көздері мен «жасыл экономикаға» көшуге бағытталған. БҰҰДБ заң бойынша «жасыл экономиканы» қолдайтын тәжірибелі ұйымдардың бірінен саналады. Энерго тиімді тәжірибелер ендіру, инновациялармен алмасу, жаңа идеяларды тарту мен басқа да көптеген нәрселер жайында сөз болғанда, мол тәжірибе мен білімнің кең аумағы БҰҰДБ-ын «кезекші» Бағдарлама етеді. Шындығында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен БҰҰДБ мен ЭКСПО-2017 негізгі құндылықтары арасында көптеген түйісулер бар. Біз осы ынтымақтастығымызды көптеген басқа да бірлескен шаралар арқылы нығайтуға ұмтыламыз», деді БҰҰДБ Тұрақты Өкілі және БҰҰ Резидент Координаторы Норимаса Шимомура.

«Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап үлкен-үлкен үрдістерге қол жеткізді. Солай бола тұрса да, ғаламдық экономикалық дағдарыс кезінде алға қарай дамуды, ілгері басуды жоғалтпауымыз қажет. Бұған қол жеткізу үшін адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын әйелдердің құқы мен мүмкіндігін кеңейтуіміз керек. Біздің стратегиялық болжауымыз әрдайым осы мақсатты көздеді, және де біз адамдар өздерін, өз отбасыларын қолдай алатын жағдайға жеткеніне көз жеткізу үшін жұмыс жасай беретін боламыз. Осындай құқылы әйелдердің атқарған істері осы шарада біздің серіктестер үшін ең жақсы игі сыйлықтар болады», деді БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.

Осы шара, сонымен қатар БҰҰДБ үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойын атап өту мүмкіндігі. БҰҰ 1945 жылдың 24 қазанында 51 елмен құрылған болатын. Қазіргі уақытта Ұйымда 193 мүше-мемлекет бар. БҰҰ басты мақсаты жер шарында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, елдер арасында достық қарым-қатынасты дамыту, халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелерді шешуде ынтымақтастықта болу, сонымен қатар адам құқы мен негізгі бостандықты құрметтеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның мүшесі болды. Елдік кеңсенің қызметі тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау; босқындарды қорғау; апат тәуекелін азайту, адам құқы мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, экономикалық және әлеуметтік даму, сондай-ақ денсаулық сақтау сияқты сұрақтардың кең ауқымын қамтиды.

 

Аккредитация үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Дина Тельтаеваға мына телефон бойынша: + 7 7172 69 65 44 (ішкі 2124) немесе dina.teltayeva@undp.org; электронды поштаға хабарласуға болады.

 

 

###  ###  ###

БҰҰ Даму Бағдарламасы, қатысушы-елдердің білім көздеріне, тәжірибе мен ресурстарға қол жеткізуді ұсыну арқылы адам өмірінде оң өзгерістер жасауға көмектесетін даму саласындағы БҰҰ-ның ғаламдық желісі болып табылады. Біз оларға даму саласында ғаламдық және ұлттық мәселелердің шешімін іздеуге жәрдемдесе  көмектесе отырып, 177 елдің аймағында жұмыс істейміз.