Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы сейсмикалық қатерлерді басқарудың көкейкесті мәселелерін Алматыдағы ғылыми-практикалық конференциясында талқыланады

Fri Nov 20 00:00:00 EST 2015

(Алматы қаласы, 19 қараша 2015 ж.) 2015 жылдың 19 қарашасында Алматы қаласында өтіп жатқан, БҰҰ Даму бағдарламасы демеуімен жүзеге асырылып жатқан бүгінгі ашылған ғылыми-практикалық конференциясы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы сейсмикалық қатерлерді басқару мәселелеріне арналған. Конференция Қазақстанның, Тәжікстанның, Арменияның азаматтық қорғау бойынша мемлекеттік қызмет өкілдерін, БҰҰ, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың эксперттерін жинайды.

Жергілікті конференция «DIPECHO VIII: Сейсмикалық қатерге Оңтүстік Қазақстандағы қалалық және ауылдық бірлестіктерінің деңгейінде қарсы әрекет ету әлеуетін арттыру» жобасының шеңберінде өтіп жатыр. Жоба БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Ішкі істер министрлігінің ТЖ Комитеті арқылы Әлеуметтік көмек пен азаматтық қорғау бойынша Еуропалық Комиссияның (ӘКАҚ) қаржылық демеуі арқасында жүзеге асырылуда.

Ішкі істер Министрлігінің ТЖ Комитеті төрағасы Петров В.В. айтуы бойынша «жеткіліксіз ақпараттандыру мен апатты елеуге халықтың дайындық дәрежесі мемлекеттік органдар мен халықтың тиімді өзара әрекеттесуіне тікілей әсер етеді». Сондықтан да ТЖ бойынша Комитет өзінің күнделікті жұмысына БҰҰ-мен бірге іске асырылған бағдарламалардың нәтижесінде алынған практикалық жетістіктерді енгізуге дайын.

ТЖ өрісіндегі эксперттердің айтуы бойынша Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ ортақ жұргізген бағдарламаларының нәтижелері Қазақстанның апатқа қарсы әрекет ету потенциалының артуында біршама оң рөлін ойнады.

Екі күндік конференцияның бағдарламасы пленарлық сессияларда және дөңгелек үстелде елдің аймақтарында апаттың болу қатерін азайтудағы инновациялық тәсілдемелерді, мақсатты қауымдастықтардағы (ауылдық орта, қалалардағы пәтер иелерінің кооперативтері, мектептер, мүмкіндігі шектеулі адамдар және басқа да халықтың әлсіз топтары) сейсмикалық қатермен байланысты төтенше жағдайлардың салдарын азайтудағы шаралардың іске асуын талқылауды қарастырады. Ерекше назар ТЖ қатері туралы халықтың хабардарлығы мен ақпараттық кампания жүргізудегі сұрақтар бойынша жаңа тәсілдеме әзірлеудегі тәжірибеге бөлінеді.

Аймақтық конференция шеңберінде Республикалық азаматтық қорғаудың оқу-методолиялық ортасына мобилді оқу орталығын – жер сілкінісі симуляторының мобилді платформасын  салтанатты беру рәсімі өтеді.

Өңірлік конференция жұмысының нәтижесінде  сейсмикалық тәуекелдерді басқару бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар берілген Қорытынды құжат қабылданады.

Баспасөз-мәжілісіне қатысу үшін БАҚ аккредитациялау (басталуы 10 сағат 30 минутта, 2015 жылдың 19 қарашасы, «Rixos» қонақ үйі, Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 506)  мәселелері бойынша DIPECHO VIII Жобасының Қоғаммен байланысжөніндегі маманы Андрей Сидорин мырзамен, тел. +7 707 8152454, e-mail: asidorin@gmail.com  немесе DIPECHO VIII Жобасының менеджері Максим Кадырбаев мырзамен, тел. +7 727 271 98 40, e-mail: maxim.kadyrbayev@undp.org байланысуды сұраймыз.

 

Қосымша ақпарат

“DIPECHO VIII: Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы қалалық және ауылдық қоғамдастықтар деңгейінде сейсмикалық қауіптерге қарсы әрекет ету потенциалын нығайту” Жобасын Гуманитарлық көмек және азаматтық қорғаныс бойынша Еуропалық Комиссия (ECHO) Департаментінің қаржылық демеуімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Төтенше Жағдайлар бойынша Комитеті (ҚР ІІМ ТЖК) жүзеге асырады. Жоба бюджеті - 421 607 АҚШ доллары. ECHO дүниежүзі бойынша дағдарысты аймақтардағы халықтың әлсіз топтарына жәрдем беру қызметіне қолдау көрсетеді.

Жобаның басты мақсаттары жергілікті және ұлттық деңгейде табиғи апаттарға дайындықты қамтамасыз етудің инновациялық әдістерін жасау және оларды ұстану, сондай-ақ, сейсмикалық тәуекелдерге дайындық жүйесін нығайтуда, мемлекеттік органдар деңгейінде одан ары тираждау үшін қоғам мен коммерциялық секторды сейсмикалық тәуекелдерді басқаруға және табиғи апаттардың тәуекелін (ТАТ) азайту механизмдеріне тартудың тәжірибелік әдістерін жасауда Қазақстан Республикасының Үкіметіне жәрдем беру болып табылады.

***

БҰҰДБ елдердің дағдарысқа төтеп беретіндей мемлекеттік құрылуына көмектесіп, әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін өсімді ынталандыра және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен жұмыс істейді. Біз 177 ел мен аумақта жергілікті жұмыс істей отырып, адамдардың анағұрлым толық құқылы өмір сүруіне ықпал ететін және мемлекеттердің өмірге төзімділігін жоғарлататын ғаламдық жоспарлар мен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.

«Осы құжат Еуропалық Одақтың қаржылық демеуімен дайындалған. Осы құжаттың мазмұны ешқандай жағдайда Еуропалық Одақтың көзқарасы ретінде қабылдануы мүмкін емес»