«Қалалық төмен көміртекті дамуға көшу: Қазақстан және Орталық Азия үшін Жаһамдық үрдістер және перспективалар» атты халықаралық конференциясы Астанада өткізіледі

Wed Oct 14 00:00:00 EDT 2015

«Төмен көміртекті қалалық дамуға көшу: Қазақстан және Орталық Азия үшін Жаһамдық үрдістер және перспективалар» атты халықаралық конференция Қазақстанда, Астанада 2015 ж. 5-6 қараша аралығында өткізіледі.

2015 жылы қалалық инфрақұрылымдағы парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша іс-шараларды және жекелеген жобаларды кешенді жобалау үшін қажетті әлеует және мүмкіндіктер жасауға, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инвестициялар тартуды сынауға бағдарланған Жаһамдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен ҚР Үкіметінің бес жылдық бірлескен «Қазақстандағы төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» жобасы 2015 жылы басталды. Жоба мынадай: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, коммуналдық жылумен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік және қалдықтарды басқару сияқты қалалық салаларды қамтиды.

Халықаралық конференцияда қалалаларды тұрақты дамытудың үздік практикалардың үлгілері, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы төмен көміртекті даму мүмкіндіктерді және перспективалары туралы баяндамалар ұсынылады, БҰҰДБ/ЖЭҚ және ҚР Үкіметі жобасы барысында өткізілетін Қазақстанның өңірлерінде жақын  арадағы іс-шаралар жөнінде жарияланатын болады.

Концеренция жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, төмен көміртекті қалалық дамуды қолдайтын шет елдердің қалалық әкімшіліктерінің (муниципалитеттерінің), ұйымдардың («Мэрлердің келісімі», «С40» тобы, т.б.), даму банктерінің (Евразия даму банкінің, Европа қайта құру және даму банкінің, Дүниежүзілік банктің, Азия даму банкінің, Ислам банкінің и т.б.), Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің, инжинирингтік және құрылыс компанияларының, қоғамдық ұйымдардың шамамен 150-200 өкілі, сондай-ақ экология, климаттың өзгеруі, ТКШ, құрылыс, көлік,  қалдықтарды басқару салаларындағы халықаралық және жергілікті сарапшылар қатысады.

Өткізу күні және уақыты:

2015 ж. 5 қараша 10:00 – 18:00,

2015 ж. 6 қараша 09:00 – 13:00.

Өткізу мекен-жайы: «Mariotte» қонақ үйі, Достык көшесі, 2 үйі, Астана қаласы

Қатысу барлық мәселелері бойынша icsc.eep@gmail.com электрондық мекен-жайы арқылы байланысқа шыға аласыз.

Концеренцияға қатысу үшін 25 қазаннан кешіктірмей тіркеу нысанын толтыру қажет.

Алдын ала бағдарламаны осында көшіре аласыз.

Логистика туралы ақпаратты – осында көшіре аласыз.

Contact information

Дина Мадиева, тел. 696550