«Жасыл экономикаға» сәтті көші үшін шағын бизнесте инновацияның өзіңдік ықпалы бар

Fri Jul 26 00:00:00 EDT 2013

Өскемен, 29 шілде 2015 жылы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ШҚО-да кәсібін енді бастаушыларға инновациялық жобаларды көрсету аясында, таныстыру экскурсиясын өткізеді. БҰҰ-дағы Бірлескен бағдарламаның аясында Шығыс Қазақстан облысындағы нысаналарды көрушілерге инновациялық және «жасыл» технологияларды енгізу арқылы жұмыс істеп тұрған модельдерді көрсетеді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер көгалдандыру аясында инновациялық технологияларды енгізу, қалдықтарды өндеу және ШҚО-да экологиялық туризімді бизнеске енгізу аясында жинаған іс-тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар, мемлекеттік және т. б. бағдарламалар аясында инновациялық бизнес-жобалардың қолдау тауып, мүмкіндіктерге ие бола алатындары жайлы білетін болады.

«Жасыл экономика» жоғарғы деңгей түрінде жергілікті халықтың өмір-сапасын арттырып, табиғи өнімдерді аялап әрі тиімді қолданып, қазіргі және болашақ ұрпақтың қызығушылығына қарай бағыттап, халықаралық экономикалық жағдайға сай шетелдердің қабылдаған шешімімен, сонымен қатар Рио-де-Жанейрлік ережемен және Йоханнесбургтік жоспармен Мыңжылдық Декларация бойынша XXI ғасырдың күннің басты тақырыбы болумен анықталады.

«Жасыл экономика» елдің тұрақты дамуымен қамтамасыз ету жолында маңызды құралдардың бірі болып табылады. БҰҰДБ Қазақстанда 2012 жылдан бастап, «жасыл экономикаға» көшу аясында ҚР-ның Конвенциясын әзірлеуде Қазақстан Республикасының Үкіметіне институциялық қолдау жасап келеді. 30 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу стратегиялық мақсатқа – әлеуметтік-экономикалық модернизациялары дамыған кең көлемдегі бәсекелес елдердің шарттарына көне отыра, «жасыл экономикаға» көшу арқылы 2050 жылы жетуге болады. Жобаларды дайындап, іске асырумен қатар, «Қазақстан-2050 Стратегия» және т. б. айтулы ұлттық стратегиялық құжаттарды дайындауда, БҰҰДБ Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуін іс жүзінде белсенді қолдап келеді.

Contact information

Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰ Бірлескен бағдарламасының сарапшысы, Шынар Сұлтанмен хабарласуларыңызды өтінеміз, тел.: +7 (7222) 523005, +7 (7222) 525132, e-mail: assima.sultanova@undp.org