Жасыл Экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау

Mon Jun 08 00:00:00 EDT 2015

Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), Еуропалық Экономикалық комиссия БҰҰ (ЕЭК БҰҰ) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті бірлесіп «Жасыл Экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау»  жобасын  іске қосу жөнінде іс-шара ұйымдастырды.

 «ЕО, БҰҰДБ және БҰҰ ЕЭК-тің «Жасыл экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» бірлескен жобасына  Еуро Одақ  7,1 млн еуро мөлшерінде қолдау көрсетті, ол жасыл экономикаға көшу жөнінде Қазақстанда су ресурстарын басқаруды елдің стратегиясымен сәйкестікке келтіруге бағытталған. Қазақстанның бұл бағыттағы серпінін, сол арқылы барлық өңір үшін жол көрсетіп отырғанын ерекше қанағат сезімімен атап өтемін.   Жеткілікті мөлшерде  және айтарлықтай сапада сумен қамтамасыз ету азаматтардың, фермерлердің және өнеркәсіптің мүдделерін тікелей қозғайды. Мен барлық мүдделі тараптарды жобаны толық көлемінде пайдалануға  және оны ойдағыдай іске асыруда бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын»  деді  Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, Елші,   Аурелия Бушез ханым.

«Қазақстанда су тапшы ресурс болып табылады және Үкімет осы проблеманы шешу үшін барлық күш-жігер жұмсайды. Алайда бұл проблеманы шешудің бірден-бір маңызды аспектісі судың сапасы болып табылады. Әрбір үйде су құбырының болуы оның сапасына кепілдік бермейді» деді БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілі  Стивен Тулл мырза.

 

Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу тұжырымдамасында «жасыл» стратегияны іске асыру есебінен экономиканы айтарлықтай неғұрлым тұрақты түрде түбегейлі өзгерту жөнінде  шын ниеті бар. Жаңа жоба трансшекаралық сулар мәселесінің шешілуін әзірлеуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылыққа және Қазақстанның барлығын қамтитын экономикалық дамуына жәрдемдесе отырып, жасыл экономика әзірлеуге менеджерлік тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік жасайтын болады.  Бұл процеске экологиялық басқарудың қазіргі жүйесін енгізу және су ресурстарын басқару практикасы қосылатын болады.  Сондай-ақ жоба шеңберінде қоршаған ортаға  ықпал етуді бағалау, сондай-ақ су ресурстарын тұрақты пайдалану үшін экономикалық ынталандыруды бағалау рәсімдерін кеңейту жоспарланады. Мұндай жетілдірулердің нәтижесі елдің барлық тұрғындары үшін неғұрлым қолжетімді таза су және эколологиялық тұрақтылық  болып табылады. 

Жоба мүмкіндік жасайтын болады:

· «Жасыл Эконмика» қағидаттарына сәйкес су ресурстарын басқаруға

·  Су пайдалану тиімділігін арттыруға

·  Экологиялық басқарудың қазіргі жүйесін енгізуге жәрдемдесуге

·  Климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын тиімді басқарудың практикалық мүмкіндіктерін жәнеқолда бар  инвестицияларды тарту мен таратудың жоғары әлеуетін көрсетуге бағытталған пилоттық жобаларды іске асыруға

Негізгі мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жағдайында әзірленген жоба Қазақстан Үкіметінің басты саяси әлеуетіне  және ұлттық институционалдық құрылымына толықтай сәйкес келеді және ұзақ мерзімді перспективада ұлттық әлеуеттің нығаюына бағытталған.

Негізгі ақпарат.

Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 7,1 млн.еуро. «Қазақстанда су ресурстары тек маңызды табиғи ресурс қана емес, сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығына  және өнеркәсіпке – барлығына қажет стратегиялық ресурс болып табылады. Қазақстан еуропалық елдермен салыстырғанда су ресурстарына салыстырмалы түрде тапшы, соған қарай суды ыждағатты пайдалану одан әрі өзекті мәселе бола түседі», - деп атап өтті Болат Бекнияз мырза, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

 

Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат үшін мына мекенжайға хабарласуды өтінеміз: Ирина Юрчинская, электронды мекенжай: irina.yurchinskaya@undp.org немесе мына телефон бойынша: +7 7172 696550 (ext.2123), +7777 220 2921. Дина Телтаева, электронды мекенжай: dina.teltayeva@ undp.org + 7 7172 69 65 44 (ішкі 2124) немесе Карлығаш  Жаманқұлова, Қазақстан Ресмпубликасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз хатшысы, тел.:+7-7172-97-11-48 немесе мына электронды мекенжай бойынша:  karlygash.jamankulova@eeas.europa.eu.