Қоғамдық көлік, әлеуметтік қызметтер сияқты, мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді

Tue Apr 21 00:00:00 EDT 2015

«Қоғамдық көліктердің халықаралық одағы» (МСОТ/UITP) мен қоғамдық көлік секторы 2009 жылдан бастап 2015 жылға таман  әлемдік рыноктағы қоғамдық көліктің үлесін екі есеге арттыруды және  осы стратегияның негізгі бөлігі – тиімді басқаруды алдарына мақсат қойып келеді», - дейді ҚКХО Бас хатшысының орынбасары  Мохамед Мезгани (Mohamed Mezghani) қоғамдық көлікті реттеу мен басқару жөніндегі  екі күндік тренинг пен халықаралық конференция барысында (Regulatory Framework and Governance of Public Transport). - "Қоғамдық  көліктерді басқару үшін кешенді тәсіл әзірлеу маңызды, ол басқарушы органдар мен операторлардың арасындағы міндеттерді нақты және ашық бөліп беретін  нормативтік негізді және тәуекелдердің тепе тең бөлінуін қамтамасыз ететін болады», деп қосты М. Мезгани.   

Іс-шара Алматыда 2015  жылғы сәуірдің 8-10 аралығында болып өтті және оны БҰҰ Даму бағдарламасы мен Ғаламдық экологиялық қор ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасы ҚКХО ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Қалалық жұмылдыру, реттеу және қоғамдық көліктерді қаржыландыру проблемаларын шешу нұсқалары мен оларды Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін талқылау үшін Қазақстанға қоғамдық көліктер жөніндегі сарапшылар мен Бельгиядан, Канададан, Италиядан, Нидерландтан, Түркиядан, Сербиядан, Венгриядан, Ресей Федерациясынан муниципалитет қызметкерлері шақырылды. Қазақстанның төрт қаласындағы қоғамдық көлік кәсіпорындарының мамандары және  ҚКХО сарапшылары электрондық билеттеу саласындағы жобаларды іске асырудың түрлі модельдері мәселелерін, қоғамдық көліктерді қала деңгейінде басқару мен қаржыландырудың түрлі модельдерін қолданудың мықты және осал жақтарын, тартымды тариф саясатын әзірлеу жолдарын  талқылады.  

Қатысушылар арасында жаңа тарифтік саясат әзірлеу проблемалары мен мүмкіндіктерін  талқылау үлкен қызығушылық тудырды, өйткені жақында  Алматы қ. Қоғамдық көлікпен жүруге арналған үшжылдық тарифтің күштік мерзімі аяқталмақ. Нарықтық жағдайдағы тарифтік саясаттың ерекшеліктері тек тасымалдаушылардың мүддесін ғана емес,   сонымен бірге қоғамдық көліктер қызметін жүйелі түрде пайдаланатын көптеген азаматтардың мүдделерін де ескеруі тиіс. 

Тұрақты қалалық жұмылдыру саясаты  қоғамдық көлікпен қозғалу санының өсуіне  және жеке автокөліктерді пайдаланудың қысқаруына құрылады. Саналы тарифтік саясат бір жағынан жүйені қолдау үшін жұмсалатын шығындарды, халықтың төлем қабілетін ескеруі тиіс және  барлық санаттар үшін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуі тиіс. 

Күн тәртібінің  маңызды пункті қоғамдық көлік жолаушыларының санын арттыруды қалай қамтамасыз ету  және мемлекет тасымалдаушыларды қай шамада субсидиялау қажеттігі  тәсілдерін талқылау болды.  Қорытындысында Алматы қ. дөңгелек стол басында талқылау форматында қоғамдық көлікті реттеу секторындағы жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды. Конференцияның  аяқталуы бойынша мамандардың өздері атап өткендей қазіргі сәтте Алматы қаласының қоғамдық көліктері мыналарға мұқтаж болып отыр:

Қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі реттеуші органды заңнама бөлігінде және кадрлық әлеует тұрғысынан күшейту; 

Тасымалдаушыларды субсидиялау мен уәждендірудің нақты және ашық бағдарламасының сызбасын анықтау және бекіту. 

Жүру санының өсуі мен рентабельділік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін тарифтерді есептеудің жаңа әдістемесі;

Қаржы айналымына бақылауды және электрондық билеттеу жүйесін енгізу арқылы көлеңкедегі теңгелік ақшалай ағынды  шығаруды қамтамасыз ету; 

«Бұл проблемалар бір күнде шешілмейтіні сөзсіз, бірақ БҰҰДБ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасы нарыққа қатысушылар мен жұртшылықтың Алматы қ. қоғамдық көліктің үлесін арттыру және оның сапасын жасарту жөнінде  қойылып отырған  мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге барлық күшін салады», - деп атап өтті жоба менеджері Елена Ерзакович қорытынды сессияда.