БҰҰДБ / ҒЭҚ «Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасы басталды

Fri Apr 03 00:00:00 EDT 2015

Жоба қала инфрақұрылымындағы – ерікті түрде қабылданған парниктік газдарды бөлуді азайту жөніндегі мұраттарға жету мақсатында жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуді қоса алғанда тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, энергетика, көлік, қалалық қалдық жинау салаларындағы  – әр түрлі шаралар–төменкөміртекті жобаларды ұқсастыру, әзірлеу және іс жүзіне асыруға жәрдем береді. Жоба Қазақстандағы кенттер және үлкен қалаларда парниктік газдарды бөлуді азайтуға қатысты кешенді тәсілді қолдануға мұрындық болып отыр.

 Жоба 5 компоненттен тұрады, оларды іс жүзіне асыру – инвестициялар тартуды қоса алғанда – кешенді муниципалдық (аймақтық) жоспарлау, төменкөміртекті қалалық жобаларды даярлау мен іс жүзіне асыруға арналған әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Қазақстандағы іс жүзіне асырылып жатқан не ендігі іс жүзіне асырылып болған БҰҰДБ / ҒЭҚ жобаларынан бұл БҰҰДБ / ҒЭҚ жобасының басты ерекшелігі бұл мақсат үшін, NAМА механизмін пайдалану негізінде, қажетті шарттар қалыптастыру әрі Қазақстанда бірінші рет қолданылғалы отырған парниктік газдарды бөлуді азайтуға қатысты кешенді тәсілді сынап, тексеру болып табылады. NAMA – энергияны үнемдеу бағдарламаларын іс жүзіне асыруға қатысты қосалқы қолдау табу мүмкіндігі. Және де бүйткенде, бағдарламаларды, сонымен қатар, оларда қолданылуы тиіс шараларды – оның өзіне ең алдымен не пайдалы осының негізінде – елдің өзі белгілейді. Жобаның нәтижесінде жергілікті билік орындары өз басымдылықтары мен климаттың өзгеруімен байланысты өз мақсаттарын анықтауға, оларға қол жеткізу үшін қажет қаржылық қорлардың есептерін даярлауға, сонымен қатар, алға қойылған мақсаттарға олардың шеңберінде неғұрлым экономикалық тиімді жолмен жетуге болатын инвестициялық жобаларды іріктеп әрі олардың басымдылығын белгілеу мүмкіншілігіне ие болады. Жобаны іс жүзіне асыру мерзімі – 2015-2019 жж.