Алматыда «Алтын алқап» фото көрмесінің ашылуы өтті

Sat Mar 21 00:00:00 EDT 2015

Фотоның авторы Styleofeurasia.com

Қазақстанның танымал адамдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен USAID «Климаттың өзгеруі жағдайында бидай өндіру саласының тұрақтылығын арттыру»  жобасының қолдауымен ұйымдастырылған «Алтын алқап» фото жобасына қатысты.

Көрме ашылуында бидай өндіру тақырыбына арналған фотосессияға қатысқан танымал спорт, кино, шоу-бизнес өкілдері мен мәдениет қайраткерлерінің суреттері көрсетілді. Жобаға қатысқандар: Денис Тен, Нұрлан Әлімжан, Александр Винокуров, Досым Сатпаев, Сабина Алтынбекова, Нұрлан Өнербаев, Айгүл Жансерікова, Мөлдір Әуелбекова, Талғат Жайлауов, Гульфайрус Кұрмангожаева, Жансая Әбдумалик. 

Қазақстан бидай өндіру бойынша көшбасшы болып табылады және әлемдегі азықтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде экспорт бойынша республика ролі орасан.  Нанның дастарқанға жетуі үшін қандай жолмен келетінін, бидайды өсіру,егінді жинау, ұн мен қамырдың жасалуына дейін, біз көбіне ойлана бермейміз. Жобамен ауыл шаруашылығының климат өзгеруіне бейімделу мен нанға құрметпен қарау ұғымын ұялату бойынша шаралар өткізіліп жатыр. 

Ерлан Жұмабаев, БҰҰДБ жобалар менеджерінің айтуынша осындай шараны өткізу арқылы халық назарын танымал адамдар арқылы астық өнімділігінің өсуі, климаттың өзгеруі және азықпен қамтамасыз ету мәселелеріне аудару көзделген.

 

Көрмеде БҰҰДБ, USAID, министірліктердің өкілдері және танымал адамдардардың қатысуы күтіледі.  Сонымен қатар ойын-сауықтық бағдарлама мен арнайы сыйлықтар болады.