Әріптесіміз Жибраева Жанна Жағфарқызына Шапағат медаліне ие болды

Wed Dec 17 00:00:00 EST 2014

Құрметті әріптестер,

Тәуелсіздік Күніне орай ШҚО әкімшілігінің жиналысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мырза біздің әріптесіміз Жибраева Жанна Жағфарқызына Шапағат медалін ұсынды. ШҚО өңірінің дамуына үлесін қосып жүрген еңбегі үшін алған марапатымен әріпесіміз Жанна Жағыфар қызын құттықтай отырып, қажымас қайрат, зор денсаулық тілегіміз келеді

«Шапағат» медалі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы заң (12.12.1995) жүзінде белгіленді. Медальмен азаматтар белсенді де жемісті қамқоршылық қызметі мен қайырымдылық ісі үшін марапатталады.