Алматыға қала құрылысы мен қоғамдық көліктерге арналған инфрақұрылымды жоспарлауға қолданылатын тәсілдерді ауыстыру ұсынылды.

Fri Oct 24 00:00:00 EDT 2014

Жергілікті қоғамдық пікірталастарда әзірге тек халыққа түсінікті бола бастаған  тақырыпқа арналған  халықаралық деңгейдегі оқиға – Транзиттік-бағдарланған даму (ТБД) жөніндегі конференция Алматыда Интерконтиненталь қонақ үйінің Grand Ball залында18 қарашада болып өтті.  Конференцияны БҰҰ Даму Бағдарламасы  мен ғаламдық экологиялық қордың «Алматы қаласының орнықты көліктері» ҒЭҚ жобасы Алматы қ. Әкімдігімен бірлесе ұйымдастырып отыр. 

Конференция залына 80-нен астам мүдделі қатысушылар, көлік секторы мен Әкімдік басқармаларының, девелоперлік, инвестициялық және консалтингтік компаниялардың өкілдері, қаладағы жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, алдыңғы қатарлы архитекторлар мен жұртшылық  жиналды.

«Алматы қаласының орнықты көліктері» ҒЭҚ  жобасының шақыруы бойынша конференцияға Еуропадан, АҚШ-тан, Ресейден, О. – Ш. Азиядан  атақты шетелдік сарапшылар келді. Олардың әрқайсысы аудиторияның қаланың орнықты транзиттік-бағдарланған дамуы проблемасына жаңаша қарауына мүмкіндік бере отырып өз елдерінің тәжірибелерін ортаға салды. Алғашқы болып Gehl Architects дат компаниясының өкілі Рикардо Марини сөз алды.Ол «Адамдарға арналған қаланың» қандай сапалы өлшемдерге ие екендігі, қаланың «ДНК»  туралы және жұртшылықтың оның трансформациясына «түрленуіне» әсер ете алатыны мен әсер етуі тиіс екендігі туралы  әңгімеледі.  

Калифорния университетінің профессоры Роберт Черверо транзиттік-бағдарланған дамудың – жинақылық, жерді аралас пайдалану, онымен жай «көршілік» қана емес, көлік жүйесіне табиғи бағдарланған    жаяу жүруді-бағдарланған жоспарлау сияқты негізгі төрт принципін келтірді. Сол, бірақ саны жағынан сегіз принципті Нью-Йорктің Көлік саясаты және даму институтынан (ITDP)  келген Майкл Кодрански жүйелі түрде түсіндіріп берді. «Алматы қаласының орнықты көліктері» БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы «Стандарт ТОР» ITDP жарияланымын орыс тіліне аударды, сондай-ақ  және конференцияда таныстырды.   

Қазіргі бар проблемалар мен объективті шектеулерді ескере отырып, біздің қаламыздың дамуындағы алматылық шындық пен перспективасын  Алматының КК ҒЗИ-дан келген Александр Богданчиков«қалыптасқан транспорттық жағдай Алматы қ. тұрудың жайлылығын төмендетеді және Қазақстанның оңтүстік астанасының беделінің түсуіне айтарлықтай зиян тигізеді» деп атап көрсетті және атмосфераның ластану индексінен (ИЗА-5) мысалдар мен басқа да статистикалық деректер келтіре отырып таныстырды.

Гвидо Бруггеман – оның басқа спикерлерден айырмашылығы біздің қаламызға келуі бірінші рет емес және біздің әкімшілік күрделіліктердің барлығымен жақсы таныс. ТБД көру мен жоспарлау проблемасы болып табылатынына екпін бере отырып, ақылға сыйымды ойлаудан алыс, оғаш салынған құрылыстардан  мысал келтірді. Ол, қолда бар жоспарға көліктік дәліздерді амалсыз қосу емес, көліктік жүйені, олардың өзара интеграциясын ескерумен қалалық жоспарлау тәсіліне өзгеріс енгізу қажеттігін атап көрсетті. Амстердам, Дубаи, жапон Нагойясы, австралиядағы Брисбане сияқты қалалардағы ТБД-ның сәтті және сол сияқты сәтсіз шешімдерінен мысалдар келтірілді.  Негізгі идея: автобус аялдамалары мен жаяу жүргіншілер жолдарын алдын ала ойластырылған жоспарлаумен ОТ дәліздері айналасында болып жатқан  қалалық жоспарлау тиімді.

ТБД іске асырудың маңызды нақты проблемалары, атап айтқанда көлік терминалдары мен ауысып отыру станциялары туралы айта келе,  ТБД «қаланы дұрыс жоспарлаудың» бір бөлігі ретінде позитивті көруді нидерландтан келген басқа спикер   Роб ван дер Бейл ұсынды.

SPcitI international ҮЕҰ өкілдері Бернардина Борра мен Герт Урхан өздері әлемнің бірнеше қалаларында енгізіп жатқан аудандарды жоспарлау және қайта құру процестеріне жұртшылық пен бизнесті тарту мысалдарымен бөлісті. 

Конференция өтер алдында, сондай-ақ Almaty Invest жылсайынғы II форумын ұйымдастырушылардың қолдауымен шетел сарапшыларының лекциялары өткізілді.

Сонымен, құрметті лектор-спикерлердің бірі – атақты саясаткер, урбанист және қоғам қайраткері, колумбийяның Богота қаласының 1998-2001 жылдарғы мэрі - Энрике Пеньялоса мырза  болды. Пеньялосаның мэрі қызметінде болған кезде ол  Боготаның қоғамдық көліктеріне реформа жасады: автобустарға арнап жолақ бөле отырып БРТ Transmilenio жүйесін құрды; автокөліктерді тротуарлардан алып тастады; жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін аймақ салды. Алматының қаласының  архитекторлары- қала салушылары мен қала әкімдігінің көлік басқармалары өкілдеріне арналған өзінің біржарым сағаттық лекциясында Пеньялоса мырза машина үшін емес адамдар үшін қолайлылық тұрғысынан қаланы бағалауға мүмкіндік беретін БРТ мен инфрақұрылым жүйесін енгізуге қатысты проблемалардың тұтас бір спекторын қозғады.  Қанатты деп толығымен айтуға болатын үзінділер арасынан: «Қаланың дамығандығын кейін қалғаннан айрықшалап тұратын қаланың инфрақұрылымы үшін айтарлықтай маңызды элемент – бұл шосс де метро да емес, сапалы жасалған тротуарлар»«Кептелумен күресудің жалғыз жолы – бұл автокөлікті пайдалануды шектеу. Ал автокөліктерді пайдалануды шектеудің ең қарапайым түрі – бұл тұраққа шектеу қою»«Экономика жақсы қала жасай алмайды, ал жақсы қала экономика жасай алады». Энрике Пеньялосаның баяндамасына көпшілік риза болды және тек қала жоспарлаушы - мамандардың арасында ғана еме, сол сияқты жұртшылық арасында да пікірталас тудырды және баспасөз жарияланымдарында көрініс тапты.  

ТБД конференциясының ұсыныстары

  • қоғамдық көліктердің инфрақұрылымы үшін қол жетімді болу бөлігінде қолданылатын жаңа шағын аудандарды жоспарлау және салу мен қолда барын жақсарту тәсілдерін өзгерту
  • жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту және тиісті көңіл бөлу: жаяу жүргіншілер – халықтың айтарлықтай  басым бөлігі
  • жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің құқығын қорғау бойынша шынайы әрекет жасауға қабілетті қоғамдық бірлестіктер құру
  • заманауи алға ілгерілеген қала белгісі ретінде велосипед инфрақұрылымындамытуға көңіл бөлу және қоғамдық велосипедшілер бағдарламасын енгізу
  • қаланы туристік бағыт ретінде (инвестициялар) халыққа белсенді таныстыру және жаяу жүргіншілердің бағыттары бойынша ақпараттық навигацияға тиісті көңіл бөлу

·         жолдардың параметрлері мен қоғамдық көліктердің инфрақұрылымының нормативтері мен СНН қатысты қайта қарау, оларды халықаралық стандарттарға сәйкес жаңарту және  жетілдіру

·         Белсенді болу және қала құрылысының жоспарлары мен құрылыс салудың нақты жоспарларын  осы ауданда тұратын азаматтармен пайдаланушылардың түрлі топтарын тарта отырып талқылау.