Астанада Халықаралық Туризм күні атап өтілді

Mon Sep 29 00:00:00 EDT 2014

«Шығыс Қазақстанның табиғаты қагдай керемет! Суық болмаса мен бизнес партнерыммен қазір баруға дайынмын!», деп өзінің ойыммен француз бизнесмен Кристоф Нума бөлісті (суретте). Шығыс Қазақстан облысы – Ресей, Қытай және Монголия елдерінің шекарасына орналасқан бірегей аймақ.  Осыжерден Жібек жолының Оңтүстік Сібір, Алтай, Орта Азия мен Батыс Қылайды  байланыстыратын солтүстік тарауы өткен. Шығыс Қазақстан өңірі әдемі жерлерге бай. Мұнда Алакөл мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорықтары мен басқа да көрікті жерлер орналасқан.

«Туристік саланы 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы» шеңберінде Шығыс Қазақстан экологиялық туризм орталығы ретінде қарастырылады. Үстіміздегі жылдың шілде-тамыз айларында БҰҰ Даму бағдарламасы көпшілікке белгілі  https://www.facebook.com/SemeyProgramme әлеуметтік желісінде фотосуреттер конкурсын ұйымдастырған болатын.  «Мен ШҚО сүйемін!» деген атпен өткізілген конкурс нәтижесінде  кәсіпқой және әуесқой суретке түсірушілерден 500 дей сурет келіп түсті. Осыған байланысты Қазақстан бойынша түсірілген ең жақсы суреттерді пайдалана отырып «көшпелі» көрме ұйымдастыруға шешім қабылданған еді. Іс-шараның басталуын Дүниежүзілік туризм күніне орайластыру жоспарланып отыр.  Фотокөрменің атауына туғанына 2015 жылы 170 жыл толғалы отырған қазақ поэзиясының атасы Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің жолдары алынды.

Көрменің қонақтары бизнес өкілдері, сондай-ақ АҚШ, РФ, Беларусь және басқа елдер елшіліктерінің өкілдері. Іс-шараны БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары Стефан Лиллер және ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы ашты. 

Стефан Лиллер мырза өзінің сөзінде атап өткендей, іс-шараның мақсаты әлеуметтік желіні пайдаланушылар түсірген фотосуреттер мен БҰҰ мен ШҚО бірлескен бағдарламасы арқылы ШҚО-ның бай флорасы мен фаунасы туралы әңгімелеу.  Бұл көрме ШҚО-да соңғы үш жыл бойы іске асырылып келе жатқан БҰҰ мен ШҚО бірлескен бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. «Мен мұндай әдемі суреттерді әуесқой сурет түсірушілер жасағанына таң-тамаша қалдым! Әлеуметтік желіні қолданушылар біздің өлкеміздің барлық сұлулығын айнытпай жеткізе алыпты», - деді ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы суреттегі әдемі жерлерді тамашалап тұрып. Ұйымдасушылар атап өткендей бұл іс-шара ШҚО экологиялық туризм орталығы ретінде әйгілі болуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.  

Кештің сәні болып Астана қаласындағы "Шабыт" ұлттық өнер академиясының оқытушылары мен оқушылары өздерінің өнерімен тамсандырды. Олардың орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» және тағыда басқа туындыларын көрме қонақтары тамашалады.

Алғашқы өткізу орны – Астана қаласындағы «Тәуелсіздік сарайы». Фотосуреттер көрмесінің одан арғы қозғалысы мен өткізілетін орындары туралы  іс-шараны ұйымдастырушылар қосымша хабарлайтын болады.

БҰҰ мен ШҚО бірлескен бағдарламасы туралы анықтама

БҰҰ мен Шығыс Қазақстан облысының бірлескен бағдарламасы өз жұмысын 2011 жылы «Аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін көтеруден  (Семей аймағының мысалында)» бастаған болатын.

Бағдарламаның мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын көтеру және Шығыс Қазақстан облысында, атап айтқанда Семей ядролық полигонында жүргізілген ядролық сынақтардан қатты зардап шеккен аудандардың Мыңжылдық Даму Мақсаттарына қол жеткізуі. Бағдарлама халықтың мұқтаждықтары мен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуға деген сұранымын  ескере отырып әзірленді.

Бұл ҚР Үкіметі және БҰҰ, БҰҰДБ, БҰҰХҚҚ БҰҰДБ және БҰҰЕ сияқты агенттіктермен серіктестікте іске асырылатын бірлескен бағдарлама. Тұтастай алғанда  бірлескен бағдарламаның моделі халықтың өмір сүру сапасын көтеруде табысты болып шықты: үстіміздегі жылдың шілде айында осыған ұқсас бағдарламаларды Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында   жүргізу басталып кетті.

Дерекнама: БҰҰ мен ШҚО бірлескен бағдарламасы