Әлеуетті ТЖ дайындық туралы үнпарақтар мен кітапшалар Оңтүстік Шығыс және Шығыс Қазақстан тұрғындарының арасында тарқатылды

Thu Aug 29 00:00:00 EDT 2013

Leaflets and brochures aimed at raising awareness of the high importance of preparedness to the disasters and risk reduction were produced and spread among Southeast and East Kazakhstan population under the framework of the joint project of UNDP/EC/MoES of the Republic of Kazakhstan: «DIPECHO VII: Community-Based Disaster Risk Reduction in South-East and East Kazakhstan».2013 жылда «DIPECHO VII: Оңтүстік Шығыс және Шығыс қоғамдастықтарының негізінде апат тәуекелін төмендету» деп аталатын БҰҰДБ/ЕО/ҚР ТЖМ бірлескен жобасының шеңберінде Оңтүстік Шығыс және Шығыс Қазақстан тұрғындарының арасында апатқа дайындық пен тәукелді төмендетудің жоғары маңыздылығы туралы хабардарлықты жоғарылатуға мақсатталған үнпарақтар мен кітапшалар дайындалып, таратылды.

Кітапшалар мен үнпарақтардың 30000 астам данасы Алматы облысының және Ескелді ауданының ТЖ департаменттеріне, Текелі қаласының ТЖ бөліміне, сондай-ақ Текелі қаласы мен Ескелді ауданының Сырымбет, Қарабұлақ аулдарының әкімшіліктеріне тұрғындарға тарқату үшін берілді.

«Зілзала», «Су тасқыны мен сел», «Зілзалаға дайындық бойынша отбасылық жоспар» үнпарақтары ТЖ дайындықты насихаттайды, ал «Барлығы білуге тиіс» кітапшасында отбасына арналған табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ қалай әрекет ету жөніндегі тәжірибелік кеңес берілген.

БҰҰДБ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамымен және БҰҰ Балалар қорымен бірлесе жұмыс істейтін болады. БҰҰДБ жұмысы ұлттық және облыстық деңгейлерде Алматы облысының Текелі қаласы тұрғындарының, сондай-ақ Семей қаласына жақын маңайда су басу қаупі туындайтын аймақта орналасқан тұрғындардың, Өскемен қаласынан алыс емес жерлердегі таулы аймақтардағы тұрғындардың арасында нақты іс-шараларды орындаумен жүзеге асырылатын болады.

БҰҰДБ – олардың дағдарысқа қарсы тұруына, әр бір адамның тұрмысының жақсаруына әкелетін өсуді көтермелей және қолдай отырып, елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып қоғамның барлық қабатындағы өкілдермен ынтымақтасады. Жергілікті жерлерде 177 елдер мен аймақтарда жұмыс істей отырып, біз адамдардың тең құқылы өмір сүруі мен мемлекеттердің өміршеңдігін көтеруге жәрдемдесетін ғаламдық көзқарас пен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.

«Осы құжат Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен дайындалды. Осы құжаттың мазмұны ешбір жағдайда Еуропалық Одақтың позициясының көрінісі ретінде бағаланбайды»