Қазақстан климаттың өзгеруіне дайындалуда

Thu Aug 22 00:00:00 EDT 2013

On 27th of August 2013 Astana will host a workshop dedicated to inventory of greenhouse gases in various economic sectors, the event organized by the Ministry of Environment Protection and UN Development Programme.2013 жылғы 27 тамызда Астана қаласында экономиканың түрлі секторларындағы парник газдарын түгендеу мәселелеріне арналған семинар өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастырушылар – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы.

Қазақстан 1995 жылы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негізгі конвенциясына (БҰҰ КӨНК) қол қоя отырып және Киот хаттамасының мақсаттары үшін БҰҰ КӨНК қоса берілген хаттамадағы 1 Қосымшаның Тарабы бола отырып жүйелі түрде Конвенция Хатшылығына Ұлттық хабарламалар беріп отырады. Бұл құжатта парник газдарын түгендеу, климаттың өзгеруінің жағымсыз салдарларын жұмсарту жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралар, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары туралы ақпарат қамтылған. Ұлттық хабарламалар, әсіресе экономиканың анағұрлым климаттық осал салалары – энергетикада, ауыл шаруашылығында және су ресурстарында тиімді экологиялық саясат әзірлеу кезінде деректер көзі ретінде қызмет етеді. 

Қазақстан бірінші және екінші ұлттық хабарламаны 1998 және 2009 жылдары ұсынған болатын. Қазіргі уақытта БҰҰДБ мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жобасы шеңберінде Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен 2006-2010 жылдар кезеңіне арналған Үшінші Ұлттық хабарлама (ҮҰХ) әзірлеуде. 

ҮҰХ әзірлеу кезінде жоба экономиканың кейбір секторларындағы кәсіп орындар мен ведомстволардың парник газдарының шығарындылары бойынша ұлттық есептіліктер үшін деректер жинау проблемасымен ұшырасып отыр. Кәсіпорындардың есеп жасауға қолданылатын түрлі тәсілдері ұлттық деңгейде толық емес және дұрыс емес статистикаға алып келеді. 

Парник газдарын түгендеуді жүргізу ережесін түсіндіру мақсатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы бірлескен жоба шеңберінде «Ұлттық есептілік үшін «Жерді пайдалану және орман шаруашылығы», «Қалдықтар: қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ), ағынды сулар және медициналық қалдықтарды жағу» және «ТКШ құрылыс салу және тиімді жарықтандыру» секторлары бойынша парник газдарының шығарындылары жөнінде деректер жинауды жақсарту туралы семинар ұйымдастырады. Семинар ҚР ҚОҚМинінің, ҚР Аймақтық даму министрлігінің, Денсаулық министрлігінің, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің аймақтық басқармаларының өкілдеріне арналған. 
Өткізілу уақыты мен күні: 2013 ж. 27 тамыз, басталуы 9-30, Гранд Парк Есіл қонақ үйі, «Туркиз» конференц залы, Бейбітшілік көшесі, 8.

***

БҰҰДБ олардың дағдарысқа қарсы тұра алатындай болуы мен әр бір адамның тұрмыс сапасын жақсартуға апаратын өсімді көтермелей және қолдай отырып қоғамның барлық қабаттарының өкілдерімен ынтымақтасады. Жергілікті жерлерде 177 елдер мен аймақтарда жұмыс істей отырып біз адамдардың анағұрлым толық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге және мемлекеттердің өміршеңдігін көтеруге көмектесетін ғаламдық тұжырымдама мен жергілікті шешімдер ұсынамыз.