Жаңа технологиялар құбылмалы климат жағдайларында астық өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді

Thu Aug 15 00:00:00 EDT 2013

ТАМЫЗДЫҢ 15, АСТАНА – Климаттың құбылмалылығы жағдайларында жаздық бидайды өсіру барысында шығын көлемін азайту мен астық көлемін арттырудың нақты мысалдарынтамыздың 5 мен 9 аралығындаҚазақстанның солтүстік аймақтарында өткен «Егістік алқапкүндері» туры айқын көрсетіп берді. Климаттың өзгерістеріне отандық астық өндіруді бейімдеу жөніндегі технологиялар Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы үш пилоттық жер телімінде қолға алынып, игерілген болатын. Жаңа тәсілдемелерді сынау «ҚазАгроИнновация» АҚ, БҰҰ Даму Бағдарламасы және АҚШ–тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (USAID) «Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда бидай өндіру секторының орнықтылығын арттыру» атты ортақ жобасының шеңберінде іс жүзіне асырылып жатыр.

Reconsideration of traditional sowing terms - taking into account current draught trends, application of zero and minimum soil treatment and diversification of planting techniques – all this let local farmers economize resources and ensure high productivity of wheat. The project’s domestic and international experts helped farmers master new approaches in experimental fields of around 150 hectares (ha) in changing climate conditions. Adaptive technologies are implemented in combination with high-yield varieties, growth stimulators and nitrogen topdressing. High-yield varieties alone can add 10 centners per ha, and growth stimulators together with nitrogen topdressing increase yields by 5-6 additional centners per each ha.Құрғақшылықтың қазіргі күнгі үрдістерін есепке ала отырып, егін егудің дәстүрлі мерзімдерін қайта қарастыру, топырақты ең аз және нөлдік мөлшерде өңдеуді қолдану мен егін егуді алуандату – бұның бәрі жергілікті фермерлерге ресурстарын үнемдеп, бидайдың жоғары түсімін алуға мүмкіншілік берді. Сарапшылардың отандық және халықаралық жобалық тобы жалпы аумағы 150 гектар болатын тәжірибелік алқаптарда фермерлерге климаттың құбылмалылығы жағдайларында дәнді дақылдарды өсірудің жаңа тәсілдемелерін меңгеруге көмектесті. Бейімдеу технологиялары– тым құрғақ жылдардың өзінде әр гектардан 10 центнер (ц/га) түсім алуға мүмкіншілік беретін – бидайдың аудандастырылған жоғары түсімді сұрыптарын пайдаланумен әріәрбір гектарданқосымша 5-6 центнер түсім алуды қамтамасыз ететін микротыңайтқыштер және өсу биостимуляторларымен бірге, қосарлана қолданылады.

Қазақстан үшін жаңа саналатын, бұл технологиялар халықаралық іс-тәжірибесінде өздерін әлден – ақ оң қырынан таныта білді. Жобаның халықаралық кеңесшісі болып табылатын Глен Андерсонның сөзіне қарағанда, климаттың құбылмалылығына өсімдік өсіруді бейімдеудің тәсілдемелерін шеберлікпен пайдалана білсе, онда Қазақстан – бидайды қоса алғанда – дәнді дақылдар астығының көлемін сақтап қалып қана қоймай, оны көбейтуге қол жеткізе алған әлемдегі саны азғантай ғана аймақтардың біреуіне айнала алады. Қазақстанның астық өндірусекторында Жоба ендіріп жатқан ауыл шаруашылығын климаттың құбылмалылығына бейімдеу технологиялары биылғы мамыр айында ҚР Президенті жарлығымен бекітілген Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдаманың қағидаттарына сәйкес болып саналады.

Жобаның ұлттық үйлестірушісі Ерлан Жұмабаевбейімдеу тәсілдемелерін қолданудың нақты нәтижелері жөнінде былай дейді: «Мысалы, егін егудің оңтайлы – кешірек қолға алынатын – мерзімдеріне сай іс–әрекет ету біздің фермерлерге астық жию науқаны кезінде әр гектардан 3-4 және одан да көбірек центнер астық жиып алуға мүмкіншілік береді. Бұған керісінше, биылғы жылғы мамыр айының 25жұлдызына дейін егілген ерте егін көктемнің соңындағы құрғақшылық пен арам шөптерден зиян шекті. Егін егу құрылымын алуандата отырып,

Жобаға қатысушы ауылдықтар көлемі азайтылған алқаптардан астықтың жоғары түсімін алып қана қоймай, майлы және жемшөп дақылдарын өндіру көлемін ұлғайтуға да қол жеткізді. Егістік жер топырағын нөлдік және ең аз деңгейде өңдеу фермер шаруашылықтарына грунт пен егісті баптауға кететін шығынды 30 - 40% мөлшеріне азайтуға мүмкіншілік берді. Астық өсірудің жаңа тәсілдемелерінің тиімділігін Солтүстік Қазақстан облысында біздің күшімізбен орналастырылған пилоттық жер телімі айқын көрсетіп берді – бүгінгі күні облыс бойынша астық жинаудың орташа деңгейдегі көрсеткіші 15-16 ц/га депсаналып отырса, біз жобалық алқаптан 34 ц/га жинап алмақпыз».

«Егістік алқап күндері» турына 100–ге тарта фермерлік, ғылыми – зерттеу, білім беру, халықаралық және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты. 5 күн ішінде қатысушылар А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ–ның (Шортанды кенті, Ақмола облысы), Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ–ның және Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік өсіру ҒЗИ–ның (Петропавл қаласы) тәжірибелік жер телімдерінде болды. Семинарлар «ҚазАгроИнновация»АҚ–ның білімді тарату орталықтарының негізінде өткізілді.

«Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда бидай өндіру секторының орнықтылығын арттыру» жобасы ҚР Үкіметі, БҰҰДБ мен USAID–тың Орталық Азия аймағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі біріккен іс – әрекеті болып табылады. Аталған бастама USAID арқылы американ халқының қолдауына ие болған көптеген көмек беру жөніндегі жобалардың бірі болып саналады. 1922 ж. бастап USAID американ халқының атынан Қазақстанның демократиялық мекемелеріне, әлеуметтік саласына және экономикалық дамуына қолдау көрсету жөніндегі бағдарламаларға 550 млн. АҚШ долларынан астам сома мөлшерінде қаражат жұмсады.

 

Қосымша мәлімет алу үшін

Жобаның ұлттық үйлестірушісі Ерлан Жұмабаевпен мына телефон арқылы +7 7172 917351 немесе yerlan.zhumabayev@undp.org электрондық поштасы арқылы байланысуыңызды өтінеміз.