Алматы 2013-2023 жылдарға арналған тұрақты көлік дамыту стратегиясын қабылдайды

Tue Jul 30 00:00:00 EDT 2013

Алматыда 2013 жылы 30 шілдеде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің және 2013-2023 жылдарға арналған «Алматы қаласында тұрақты көлік дамыту стратегиясын» дайындауда алға басуды талқылау жөнінде Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Стивен Туллдың  арасында кездесу өтті.

Стратегияға Алматы қаласының әкімдігі бастамашы болды және «Алматы қаласының Тұрақты Көлігі» БҰҰДБ/ЖЭҚ жобасының техникалық қолдауымен әзірленді. 

БҰҰДБ/ЖЭҚ жобасының есебіне сәйкес  инвестициялардың басым көпшілігі автожолдар желісін дамытуға салынады және автомобилдендіру бақылаусыз түрде үдеп жатқан көлік жүйесін дамытудың ағымдық «серпінді» сценарийі жағдайында  2023 жылға қарай Алматы қаласының көлік секторы тарапынан қос тотықты көміртектің (көмір қышқыл газы) шығарындылары 75%-ға ұлғаяды.    Стратегияны іске асыру жылына балама арақашықтығы  күнге дейінгі арақашықтықтан 10 еседен асып кететін,  тіпті 1,5 миллиард болатын,   жеке автомобилдер жүретін машина-километрлердің мөлшерін қысқартуға, кептелістер санын 30%-ға қысқартуға және көлік шығарындыларының өсуін тоқтатуға    мүмкіндік береді. 

Стратегияда көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін Алматы қаласы сегіз негізгі көлік саясатын енгізуді бастауға тиісті

1. қоғамдық көлік қызметтері сапасының деңгейін арттыру

2. көлік жоспарлау және қала құрылысы интеграциясы

3. көлік қоюды басқару

4. көлік ағынын реттеу

5. велосипед және жаяу жүргінші қозғалысын көпшілікке танымал ету

6. автомобилдерді көпшілікке танымал ету  және шығарындысы төмен деңгейлі аймақтар қосу 

7.қала маңы көлік желісінің және қала көлігінің жұмысын интеграциясы

8.қоғамдық көлікке басымдық беру үшін жолдарды жаңғырту 

«Мен біздің бүгінгі кездесуіміздің  әрмен қарайғы ынтымақтастыққа және Алматы қаласының тұрақты көлік жүйесін дамытуға жағдай жасайтынына сенімдімін. Стратегия көліктің барлық түрін бір жүйеге біріктіретін және осы көлік жүйесін қала құрылысы жоспарларымен үйлестіруді қамтамасыз ететін барынша кіріктірілген тәсіл қабылдауды болжайды. Осы стратегия Алматы қаласының болашағы үшін тұрақты негіз болады»,- деді  Стивен Туллкездесуде.

Юрий Ильин, өз кезегінде атқарылған жұмыс үшін UNDP-ке ризашылығын білдірді, сондай-ақ: «Стратегияда біздің аумақтық бөлімшелер үшін 2023 жылға дейінгі жұмыс жоспары баяндалды. Тек осы стратегияны іске асырудың механизмін нақтылау ғана қалды»,-деп атап өтті.

Бүгінгі күні  Алматы қаласында барлық жол жүрулердің кем дегенде 30%-ы қоғамдық көліктің көмегімен жүзеге асырылады [1], сол уақытта Алматы қаласында автобуспен 
тасымалдау  — әлемдегі бірден бір шамадан тыс тасымал жүйесі болып отыр. Цюрих, Париж және  Лондон сияқты қалаларда қоғамдық көлік үлесіне барлық жол жүрулердің жалпы санының  
60%-нан астамы тиесілі.

Алматы қаласының алдында тек автомобилшілерді ғана емес, сондай-ақ азаматтардың жеткілікті қамтамасыз етілмеген санаттарын, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (мүгедектерді), балалар мен қарт адамдарды қоса, Алматы қаласының барлық тұрғындарын жұмылдыру мақсаты тұр.   Бұған барлықтарын бейімдеуге бағдарланған бірыңғай көлік стратегиясының көмегімен қол жеткізуге болады. 

Көптеген  муниципалитеттер автомобилдерді өткізудің орнына адамдарды ауыстыруға бағдарланған және көлік жүйелерінің жоғары  экологиялылығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа көлік саясатын әзірлей бастады. Сингапур, Дубай, Куала-Лумпур, Сеул, Богота және Нью-Йорк сияқты қалалар жол тораптарын кеңейту стратегиясынан транспорттың тұрақты түрлерін инвестициялауға көше бастады.   

Көліктің тұрақты стратегиясын енгізген қалаларда бұрынғыға қарағанда, қала көлігінің мұқтаждығына бюджет қаражатының барынша тиімді бөлінуі тіркеліп отыр.  Бұл қалалар өмір сүруге және бизнес жүргізуге неғұрлым қолайлы болып отыр және осындай шаралар қабылдамаған қалаларға қарағанда өмір сүрудің барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.  

[1]Дереккөз: «УТГА «  жобасы бойынша зерттеу және Әкімдіктің 2009 жылы  жүргізген Халықтың көлік дағдыларын зерттеу

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:

Юлия Кауфман, «Алматы қаласыныы тұрақты көлігі» БҰҰДБ/ЖЭҚ  жобасының PR-маманы»:

7 (727) 258 16 61, yuliya.kaufman@undp.org