Алматыда балалар арасында веложарыс болып өтті

Mon Jun 10 00:00:00 EDT 2013

Алматыда 1 маусым күні Орталық стадионның запастағы алаңында балалар арасында Балаларды қорғаудың халықаралық күні мен Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күніне арналған веложарыс болып өтті. Іс-шараны БҰҰДБ-ҒЭҚ «Алматы қ. тұрақты көлігі» жобасы, Алматы қ. жол полициясы басқармасы мен бірқатар коммерциялық ұйымдардың қолдауымен «Велоалматы» бастамашы тобы өткізді.

Осы веложарыс бесінші рет өткізіліп отыр, бұл ретте биылғы жылғы жарысқа 2 жастан  7 жасқа дейінгі 200 бала қатысты.

Жазғы демалыс алдындағы мерекеде көңілді викториналар өткізілді және «Жол қозғалысының жас инспекторлары» отряды балалар мен олардың ата-аналарының қаладағы жол қозғалысы ережелерін сақтауы жөнінде қойылым көрсетті.

«Жол қозғалысының жас инспекторлары» қозғалысына биыл  40 жыл толып отыр.   Балалар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысының ережесі жайында ескертілді. Мерекеде «Велосипед және экология - 2013» балар салған сурет конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурс өсіп келе жатқан жас ұрпақтың назарын қаланың экологиялық және саламатты өмір сүру проблемаларына аудару мақсатында өткізілген болатын. 

Велосипед қала бойынша қозғалу құралы ретінде көліктің экологиялық таза түрі болып табылады, сондай-ақ азаматтардың өзіне де және қоршаған ортаға да пайда келтірумен қозғалуына мүмкіндік береді.  

Ұйымдастырушылар балаларды спорттық жетістіктерге бағдарлауға, олардың бойына белсенді, саламатты және экологиялық өмір сүру түріне нағыз мүдделілікті егуге, сондай-ақ ата-аналарының көңілдерін мектеп демалысы кезеңінде балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне аударуға   тырысады.