Мемлекеттік қызметтер туралы жаңа заңның көмегімен азаматтар алдында мемлекеттің есеп берушілігін арттыру

Mon May 27 00:00:00 EDT 2013

29 мамырында Астана қаласында мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңын орындау мақсатымен қабылданып жатқан жаңа бастамаларды таныстыру рәсіміне арналған дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсетулер тұтынушыларының құқықтарымен міндеттерін кеңейту, мемлекеттік қызмет көрсетулер регламентімен стандарттарына қатысты талаптарды жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жаңа Реестірін әзірлеу жөніндегі мәселелер талқыланады.

Заң тұтынушылар құқықтарының кеңеюі мен мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға қатысуын қарастырады. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді тұтыну барысында тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда шағымдану институты енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетулер регламентімен стандарттарының талаптары күшейтілді, әрбір азамат мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарының жобаларын талқылауға және мемлекеттік қызмет көрсетулер тәртібімен сапасы туралы ақпараттандырылуға тартылады.

Сондай- ақ, Заң басқарушылық шешімдер қабылдауда азаматтармен қоғамдық бірлестіктер рөлін арттыруда мемлекеттік қызмет көрсетулерге қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін береді.

Дөңгелек үстелге орталық және жергілікті мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің  және БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасы шеңберінде өткізіледі. Бұл жоба мемлекеттік қызметтер көрсету және сапасын бағалау жүйесін жақсартуға көмектесуге бағытталады.

Қатысу және БАҚтіркеусұрақтарыменжоба ассистенті Жанат Әуесбайға мына телефонмен хабарласуға болады: +7 (7172) 59 25 60 немесе e-mail: zhanat.auyesbay@undp.org.

Шараның уақыты және болатын жері: 2013 жылдың 29 мамыры, «Солакс Отель Астана» қонақ үйі («Силквей» залы), мекен-жайы: Астана қ., Сығанақ көшесі 27. Тіркелу уақыты 9.00-де

Журналистерге арналған баспасөз мәслихаты 11.00-да басталады.