БҰҰДБ Қазақстанда энергия тиімділігі класын көрсетумен ғимараттардың энергетикалық паспортын енгізуді ұсынды

Thu Apr 04 00:00:00 EDT 2013

БҰҰ Даму бағдарламасы энегргия тиімділігі класын көрсетумен ғимараттардың энергетикалық паспортын енгізуді ұсынды, деп хабарлады бүгін БҰҰ Дамыту бағдарламасы жобасының менеджері Баян Әбілқайырова «Энергоаудит және энергоменеджмент – еліміздің энергетикалық тұрақты дамуының бөлігі» ғылыми-практикалық конференциясында.

«Энергоаудит жүргізу қортындысы бойынша және объектілерді пайдалануға беру кезінде энерия тиімділігі класын көрсетумен энергетикалық паспорт беруді ұсындық», - деді Б.Әбілқайырова.

Сонымен қатар, БҰҰДБ жобалардың  мемлекеттік сараптама шеңберінде энергия үнемдеу сараптамасын жүргізу, тұрғын үй қорында жылу энергиясын есепеу құралын жобалау және орнату тапсырмаларында энергия тиімділігі класын көрсету туралы Заңның талаптарын міндетті сақтауды қамтамасыз етуді және энергия тиімділік кластары бойынша ғимараттарды келесі паспорттау мүмкіндігін қарауды ұсынды. 

Бұдан өзге, менеджер энергоаудитті сапасыз өткізуге, есептеу құралдарын орнатпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу және т.б. қажеттігін атап өтті. 

Одан бөлек, сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда энергоаудит методологиясының болмауы энергетикалық аудит жүргізу идеясының дискредитациясына әкеліп соғады. 

«Энергоаудит жүргізуде методология мен практикалық тәжірибенің болмауы тапсырыс берушілердің көз алдында

энергетикалық аудит жүргізу идеясының дискредитациясына әкеліп соғады», - деп өз пікірімен бөлісті Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығының өкілі Олжас Әлібеков.

Сонымен қатар, ол бизнесін осы қызмет саласына бағыттауға бел буған көптеген ұйымдар үшін басынан бастауға тура келетінін атап өтті.

Айта кету керек, ерекшелігі сол, ұсынылған әдістеме алдыңғы қатарлы практикалар базасында жасалған, олар ғимараттардың нақты энегрия пайдалануын анықтау және олардың энергия тиімділігін арттыру тәсілдерін табу мақсатында энергоаудит жүргізуді ынталандырады.

Сонымен бірге, әдістеме мақсаты Қазақстан Республикасындаға тұрғын үйлердің энергетикалық аудитін жүргізгенде энергоаудиторлардың жаппай келесі практикалық пайдалануы үшін тұрғын үй ғимараттарының энергетикалық аудитін жүргізу болып табылады. 

Дерекнама: http://www.primeminister.kz/news/show/24/proon-predlagaet-vvesti-v-kazahstane-energopasporta-zdanij-s-ukazaniem-klassa-energoeffektivnosti-/04-04-2013