Жергілікті өзін-өзі басқару ШҚО-сы аймақтарының даму құралы ретінде

Thu Mar 28 00:00:00 EDT 2013

Өскемен қ., 2013 ж., 28 наурыз- ШҚО-дағы БҰҰ-ның бірлескен бағдарламасы мен облыс әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жергілікті өзін-өзі басқару ШҚО-сы аймақтарының даму құралы ретінде» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Шара мақсаты- ШҚО-ның тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму болашағын талқыға салу. Айта кетейік, мұнда, БҰҰ-ның бірлескен бағдарламасының қолдауымен, атқарушы және өкілетті билік органдарының аймақтың көкейкесті мәселелерін шешудегі қарым-қатынастарының жаңа моделі ынталық жоба ретінде жүзеге асуда. Осы қатынас аясында, жергілікті тұрғындардың ықпал етуімен даму жобалары әзірленіп жүзеге асырылады, ол өз тарапынан жергілікті бюджет ресурстарын, аймақтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталады.

Дөңгелек үстел барысында ШҚО моноқалалар мен аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың кешенді зерттеуінің нәтижесін таныстыру мен аймақтық стратегиялық бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылып жатқандығын бағалауы мен мониторингі бойынша зерттеудің қорытындысы шығарылды. Кешенді зерттеулердің нәтижесі соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан кешенді және мақсатты жоспарлаудың оң өзгерістермен қатар, бағдарламаны орындамаудағы кемшіліктерді де көрсетті.

Шараға, облыстық және аудандық басқару органдарының,азаматтық секторжәне БАҚ өкілдері қатысты.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстандағы өзін-өзі басқаруды дамыту, сондай-ақ, аймақтық сұрақтарды шешу үшін жергілікті басқару органдарының тетіктерін күшейту   бойынша ұсыныстар әзірленді.