SubscribeSubscribe

Мақалалар

  • Әлеуетті ТЖ дайындық туралы үнпарақтар мен кітапшалар Оңтүстік Шығыс және Шығыс Қазақстан тұрғындарының арасында тарқатылды 2013 ж. 29 там.

    2013 жылда «DIPECHO VII: Оңтүстік Шығыс және Шығыс қоғамдастықтарының негізінде апат тәуекелін төмендету» деп аталатын БҰҰДБ/ЕО/ҚР ТЖМ бірлескен жобасының шеңберінде Оңтүстік Шығыс және Шығыс Қазақстан тұрғындарының арасында апатқа дайындық пен тәукелді төмендетудің жоғары маңыздылығы туралы хабардарлықты жоғарылатуға мақсатталған үнпарақтар мен кітапшалар дайындалып, таратылды.

  • Мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингін жүргізу механизмі бойынша ҮЕҰ арналған аймақтық семинарлар 2013 ж. 28 там.

    2013 жылдың 2-10 қыркүйегі аралығында Қазақстанның төрт қаласында: Семей (2 қыркүйек), Алматы (4 қыркүйек), Қызылорда (6 қыркүйек) және Ақтау (9 қыркүйек) БҰҰДБ мен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бірлескен жобасы шеңберінде, халықаралық сарапшының қатысуымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған тренингтер жүргізіледі.

  • Қазақстан климаттың өзгеруіне дайындалуда 2013 ж. 22 там.

    On 27th of August 2013 Astana will host a workshop dedicated to inventory of greenhouse gases in various economic sectors, the event organized by the Ministry of Environment Protection and UN Development Programme.2013 жылғы 27 тамызда Астана қаласында экономиканың түрлі секторларындағы парник газдарын түгендеу мәселелеріне арналған семинар өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастырушылар – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы.

  • Жаңа технологиялар құбылмалы климат жағдайларында астық өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді 2013 ж. 15 там.

    ТАМЫЗДЫҢ 15, АСТАНА – Климаттың құбылмалылығы жағдайларында жаздық бидайды өсіру барысында шығын көлемін азайту мен астық көлемін арттырудың нақты мысалдарынтамыздың 5 мен 9 аралығындаҚазақстанның солтүстік аймақтарында өткен «Егістік алқапкүндері» туры айқын көрсетіп берді. Климаттың өзгерістеріне отандық астық өндіруді бейімдеу жөніндегі технологиялар Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы үш пилоттық жер телімінде қолға алынып, игерілген болатын. Жаңа тәсілдемелерді сынау «ҚазАгроИнновация» АҚ, БҰҰ Даму Бағдарламасы және АҚШ–тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (USAID) «Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда бидай өндіру секторының орнықтылығын арттыру» атты ортақ жобасының шеңберінде іс жүзіне асырылып жатыр.

  • Қазақстан Республикасындағы құқық қорғаушы механизмдер туралы ақпараттандыруды арттыру аймақтықсеминарлары 2013 ж. 08 там.

    2013 ж. 15 тамызда Алматыда ҚазақстандағыБҰҰ даму бағдарламасы мен ҚР әділет Министрлігінің ортақ жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау механизмдерін жақсарту мен БҰҰ Әмбебап мерзімді шолу ұсыныстарын тиімді жүзеге асыруға көмектесу» тақырыбындамемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне арналған семинар өткізіледі.

  • Алматы 2013-2023 жылдарға арналған тұрақты көлік дамыту стратегиясын қабылдайды 2013 ж. 30 шіл.

    Алматыда 2013 жылы 30 шілдеде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің және 2013-2023 жылдарға арналған «Алматы қаласында тұрақты көлік дамыту стратегиясын» дайындауда алға басуды талқылау жөнінде Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Стивен Туллдың арасында кездесу өтті.

  • Алматыда балалар арасында веложарыс болып өтті 2013 ж. 10 мау.

    Алматыда 1 маусым күні Орталық стадионның запастағы алаңында балалар арасында Балаларды қорғаудың халықаралық күні мен Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күніне арналған веложарыс болып өтті. Іс-шараны БҰҰДБ-ҒЭҚ «Алматы қ. тұрақты көлігі» жобасы, Алматы қ. жол полициясы басқармасы мен бірқатар коммерциялық ұйымдардың қолдауымен «Велоалматы» бастамашы тобы өткізді.

  • Мемлекеттік қызметтер туралы жаңа заңның көмегімен азаматтар алдында мемлекеттің есеп берушілігін арттыру 2013 ж. 27 мам.

    29 мамырында Астана қаласында мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңын орындау мақсатымен қабылданып жатқан жаңа бастамаларды таныстыру рәсіміне арналған дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсетулер тұтынушыларының құқықтарымен міндеттерін кеңейту, мемлекеттік қызмет көрсетулер регламентімен стандарттарына қатысты талаптарды жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жаңа Реестірін әзірлеу жөніндегі мәселелер талқыланады.

  • БҰҰДБ Қазақстанда энергия тиімділігі класын көрсетумен ғимараттардың энергетикалық паспортын енгізуді ұсынды 2013 ж. 04 сәу.

    БҰҰ Даму бағдарламасы энегргия тиімділігі класын көрсетумен ғимараттардың энергетикалық паспортын енгізуді ұсынды, деп хабарлады бүгін БҰҰ Дамыту бағдарламасы жобасының менеджері Баян Әбілқайырова «Энергоаудит және энергоменеджмент – еліміздің энергетикалық тұрақты дамуының бөлігі» ғылыми-практикалық конференциясында.

  • Жергілікті өзін-өзі басқару ШҚО-сы аймақтарының даму құралы ретінде 2013 ж. 28 нау.

    Өскемен қ., 2013 ж., 28 наурыз- ШҚО-дағы БҰҰ-ның бірлескен бағдарламасы мен облыс әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жергілікті өзін-өзі басқару ШҚО-сы аймақтарының даму құралы ретінде» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтеді.