SubscribeSubscribe

Пресс-орталық

  • Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы сейсмикалық қатерлерді басқарудың көкейкесті мәселелерін Алматыдағы ғылыми-практикалық конференциясында талқыланады 2015 ж. 20 қар.

    (Алматы қаласы, 19 қараша 2015 ж.) 2015 жылдың 19 қарашасында Алматы қаласында өтіп жатқан, БҰҰ Даму бағдарламасы демеуімен жүзеге асырылып жатқан бүгінгі ашылған ғылыми-практикалық конференциясы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы сейсмикалық қатерлерді басқару мәселелеріне арналған. Конференция Қазақстанның, Тәжікстанның, Арменияның азаматтық қорғау бойынша мемлекеттік қызмет өкілдерін, БҰҰ, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың эксперттерін жинайды.

  • «Қазақстандағы энергия тиімді тұрғын үйлерді жобалауды және салуды ілгерілету» халықаралық конференциясы Астанада өткізіледі 2015 ж. 20 қаз.

    Жаһамдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен осы жылы аяқталатын БҰҰ-ның Даму бағдарламасы және ҚР Үкіметінің бірлескен «Тұрғын үй ғимараттарын энергия тиімді жобалау және салу» жобасын іске асырылуын қорытындылау мақсатында «Қазақстандағы энергия тиімді тұрғын үйлерді жобалауды және салуды ілгерілету» халықаралық конференциясы Қазақстанда, Астана қаласында 2015ж. 4 қарашада өткізіледі.

  • «Қалалық төмен көміртекті дамуға көшу: Қазақстан және Орталық Азия үшін Жаһамдық үрдістер және перспективалар» атты халықаралық конференциясы Астанада өткізіледі 2015 ж. 14 қаз.

    2015 жылы қалалық инфрақұрылымдағы парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша іс-шараларды және жекелеген жобаларды кешенді жобалау үшін қажетті әлеует және мүмкіндіктер жасауға, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инвестициялар тартуды сынауға бағдарланған Жаһамдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен ҚР Үкіметінің бес жылдық бірлескен «Қазақстандағы төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» жобасы 2015 жылы басталды. Жоба мынадай: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, коммуналдық жылумен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік және қалдықтарды басқару сияқты қалалық салаларды қамтиды.

  • Жасыл Экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау 2015 ж. 08 мау.

    Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), Еуропалық Экономикалық комиссия БҰҰ (ЕЭК БҰҰ) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті бірлесіп «Жасыл Экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жобасын іске қосу жөнінде іс-шара ұйымдастырды.

  • Әлеуетті ТЖ дайындық туралы үнпарақтар мен кітапшалар Оңтүстік Шығыс және Шығыс Қазақстан тұрғындарының арасында тарқатылды 2013 ж. 29 там.

    2013 жылда «DIPECHO VII: Оңтүстік Шығыс және Шығыс қоғамдастықтарының негізінде апат тәуекелін төмендету» деп аталатын БҰҰДБ/ЕО/ҚР ТЖМ бірлескен жобасының шеңберінде Оңтүстік Шығыс және Шығыс Қазақстан тұрғындарының арасында апатқа дайындық пен тәукелді төмендетудің жоғары маңыздылығы туралы хабардарлықты жоғарылатуға мақсатталған үнпарақтар мен кітапшалар дайындалып, таратылды.

  • Мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингін жүргізу механизмі бойынша ҮЕҰ арналған аймақтық семинарлар 2013 ж. 28 там.

    2013 жылдың 2-10 қыркүйегі аралығында Қазақстанның төрт қаласында: Семей (2 қыркүйек), Алматы (4 қыркүйек), Қызылорда (6 қыркүйек) және Ақтау (9 қыркүйек) БҰҰДБ мен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бірлескен жобасы шеңберінде, халықаралық сарапшының қатысуымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған тренингтер жүргізіледі.

  • Қазақстан климаттың өзгеруіне дайындалуда 2013 ж. 22 там.

    On 27th of August 2013 Astana will host a workshop dedicated to inventory of greenhouse gases in various economic sectors, the event organized by the Ministry of Environment Protection and UN Development Programme.2013 жылғы 27 тамызда Астана қаласында экономиканың түрлі секторларындағы парник газдарын түгендеу мәселелеріне арналған семинар өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастырушылар – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы.

  • Жаңа технологиялар құбылмалы климат жағдайларында астық өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді 2013 ж. 15 там.

    ТАМЫЗДЫҢ 15, АСТАНА – Климаттың құбылмалылығы жағдайларында жаздық бидайды өсіру барысында шығын көлемін азайту мен астық көлемін арттырудың нақты мысалдарынтамыздың 5 мен 9 аралығындаҚазақстанның солтүстік аймақтарында өткен «Егістік алқапкүндері» туры айқын көрсетіп берді. Климаттың өзгерістеріне отандық астық өндіруді бейімдеу жөніндегі технологиялар Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы үш пилоттық жер телімінде қолға алынып, игерілген болатын. Жаңа тәсілдемелерді сынау «ҚазАгроИнновация» АҚ, БҰҰ Даму Бағдарламасы және АҚШ–тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (USAID) «Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда бидай өндіру секторының орнықтылығын арттыру» атты ортақ жобасының шеңберінде іс жүзіне асырылып жатыр.

  • Қазақстан Республикасындағы құқық қорғаушы механизмдер туралы ақпараттандыруды арттыру аймақтықсеминарлары 2013 ж. 08 там.

    2013 ж. 15 тамызда Алматыда ҚазақстандағыБҰҰ даму бағдарламасы мен ҚР әділет Министрлігінің ортақ жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау механизмдерін жақсарту мен БҰҰ Әмбебап мерзімді шолу ұсыныстарын тиімді жүзеге асыруға көмектесу» тақырыбындамемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне арналған семинар өткізіледі.

  • «Дала күндері» Солтүстік Қазақстанның пилоттық учаскелерінің климаттың өзгеруіне дайын екенін көрсетеді 2013 ж. 02 там.

    5 ТАМЫЗ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – Шортанды поселкесінде «Дала күндері» бір апталық туры бастау алады, ол Қазақстанның дәнді дақыл егетін негізгі үш облысын қамтиды. Бұл науқан отандық дәнді-дақыл өндірісін болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімдеуге ықпал ететін жаздық бидай өсіру технологиясын қолдану нәтижелерін көрсетеді. «Дала күндерінің» бастамашысы «ҚазАгроИнновация» АҚ, БҰҰ Даму бағдарламасы және Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) «Орталық Азияның өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы бидай өсіру өндірісі секторының тұрақтылығын көтеру» бірлескен бағдарламасы.