Жобаларды іске асыру бойынша, жаңа аймақтарға арналған жергілікті өзің-өзі басқарудың қадамдық нұсқаулығы

Бүгін мен Сіздермен Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасы аясында БҰҰДБ-мен серіктесу арқылы және аудандағы алты маслихат депутатымен бірге болған кезде жинаған тәжірибемен бөліскім келеді.

2012 жылдың қараша айынан бастап, БҰҰДБ-ның сарапшылары мен менеджерлері Аягөз қаласымен басқа да ауылдық аймақтарда жиналыс өткізгеннен бастап, серіктестік барлық басқа да аудандық аймақтарға үлгі болды. Барлық тұрғындармен және билік өкілдерімен кездесу нәтижесінде, сол жерде болып жатқан жағдайды сараптап, БҰҰДБ жобаларды іске асыруға ауданға грант бөлді. Жол жөндеу, жолаушыларды тасымалдау, шағын мектептердің құрылысы, сумен жабдықтау жүйесін жөндеу, ұзақ жылдарға жететін өсімдіктерді отырғызу, мектептерді жарықүнемдегішпен жарықтандыру, мектептерді жылыту және суүнемдегіш құралдармен жабдықтау бойынша жергілікті тұрғындар мен жергілікті мемлекеттік органдардан 28 ұсыныстар түскен болатын. Қуатқорын, еңбектің және материалдық шығындарды үнемдей алатын, жылытуға арналған қуатәсері бар пештерге аудандық ауыл тұрғындардың қызығушылығы бары анықталды. Тамшылап суғару технологиясын еңгізуге қызығушылықтары жоғары, ал ол өз тарапынан – бақшаның тиімділігін қалпына келтіріп, өзінің дәрумендік өнімімен тұрғындарды қамтамасыз ете алады. Аймақтардағы ауылдың тұрғындары тұрғындардың ғимараттарын қуаттиімділігімен жарықтандыру бойынша сұрақтарды зерттеуді қатты қажетсініп отыр, ал ол өз кезегінде – қуатшығындарымен қамтамасыз ете алады.

Нақты талқылаудан кейін біз төрт жобаны таңдадық, олар:

- 15 мектептің жерінде тамшылап суғаруды еңгізу;

- 9 мектептің аумағын жарықтандыру үшін қуатүнемдегіш жарықшамдарын орнату;

- 3 әлеуметтік нысанды жылытуға қуатүнемдегіш пештерді орнату;

- 3 мектептің аумағына жылыжайларды орнату.

Біз: Аягөз ауданының әкімшілігімен, Аягөз ауданының Маслихатымен, «Аягөз-Болашақ» және «Рауан» қоғамдық қорлар арасында бірлескен көмек Келісімін құрдық. Аталмыш келісім бойынша қоғамдық қорларға жобаларды іске асыру тапсырылды.

2013 жылдың сәуір айында Астана қаласында, аймақтағы БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасының қолдауымен және ұйымдастыруымен, ШҚО-дағы Аягөз бен Үржар аудандарындағы бастамашыл топтар мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған үш күндік тәжірибелік семинар өткен болатын. Семинар 2013 жылға жобаларды іске асыру аясында нақты бастамашы аумақтар бойынша, Аягөз бен Үржар аудандарына арналған «жасыл» жобаларды әзірлеуге бағытталған.

Семинарда: қуаттиімділігімен жарықтандыру, жылыту, қоғамдық ғимараттарды қайта жөндеу, суүнемдегіш технологияларды қолдану және ауыл шаруашылығын тамшылап суғару технологияларын еңгізу бойынша, жобалардың мүмкіндіктерінің тұсауы кесілді. Жобаларды үлгілеу, қаржыландыру және жобаларға тапсырыс беруді құру бойынша шеберлік-сыныбы өткен болатын, сонымен қатар ШҚО-дағы ауылдық жерлерде «жасыл» жобаларды іске асырудағы қауіптер анықталды. БҰҰДБ-ның демеуімен семинарда ұсынылған технологияларды сәтті еңгізгендерін көру үшін, семинарға қатысқандар Ақмола облысының Арнасай ауылында бастамашы аймаққа барды. Осы жобаларды іске асыру үшін 13,8 млн. теңге жергілікті бюджеттен ортақ қаржыландыруға бөлінді.

Қазіргі күнде аудандарда барлық жобалар сәтті аяқталды. Айта кету керек, гендерлік көрініс, яғни (әйелдер мәселесін шешу) бойынша аталмыш жобалардың арқасында 2000 белсенді әйелдер тартылды. Тамшылап суғару технологиясы аймақтардағы әйелдердің еңбегін айтарлықтай жеңілдетуді қарастырады. 12 ауылдық округтегі 2000 әйелдер мен Аягөз қаласы, алмасып кездесу бойынша семинарларды ұйымдастыруға тартылады, ал ол өз кезегінде – сапалы әлеуметтік әрі экономикалық технологияларға қол-жетімділігін арттырумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жобалар мүмкіндіктерді кеңейтіп, аймақтағы балалар мен әлеуметтік топтағылардың пайда алуына жол ашты. Барлық жоспарлы тәжірибелер мен технологиялар 15 білім мекемесімен, ауылдың екі мәдениет үйін жақсартуға бағытталған. Ал, ол өз кезегінде – аймақтағы ауылдар жаңа тәжірибелер мен технологияларға ашық қол-жетімділігімен қамтамасыз етеді және білімді тиімді үлгілеуге, икем мен дағдыны болашақтағы кәсіби білімдерінің аумағында, білім мекемелеріндегі элективтік курстар мен бағдарламаларды дамытып, жаздық-еңбек тәжірибелерін өткізу арқылы фенологиялық бақылауда – жасөспірімдердің жобалап ойлауын дамытумен қамтамасыз етеді.

 

Суреттер көрсетілімін мынадан қараңыздар: http://www.slideshare.net/MiraBeisenova1/ss-57128724

 

Т. Бозтаев,

ШҚО-ның Айгөз ауданыңдағы

маслихат хатшысы

(2014 жылы ҚР-сы Президенті жаныңдағы Мемлекеттік басқарма академиясында, «Ауылдық округтың әлеуметтік мәселелерін шешуде: әкімшілік, маслихат және тұрғындардың бірлесіп жұмыс істегенде жинаған тәжірибелері мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданыңдағы жергілікті мемлекеттік басқарма бойынша» атты тақырып аясында сөйлеген сөзінен алынған).

 

ШҚО-дағы БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасы жайлы анықтама.

2011 жылдан бастап, Шығыс Қазақстан облысында БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасы «Инновациялық тәсілдер арқылы аймақтың бәсекелестік қабілетін арттырып, аймақтық жоспар бойынша тұрғындарға әлеуметтік қызметтерді көрсету (мысалға Семей аумағында)» жұмыс істей бастады. Бағдарламаның мақсаты – тұрғындардың өмір сапасын арттыру және ШҚО-ның Мыңжылдық Даму Мақсатындағы жетістіктерінің ілгерілігін жақсарту болып табылады. Бағдарлама аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы  бойынша тұрғындардың қажеттілігі мен ұсыныстарын ескере отыра құрылған. Бағдарлама – ҚР-ның Үкіметімен сонымен қатар мынандай агенттіктер: БҰҰ, БҰҰДБ, БҰҰ-дағы ХБТҚ, БҰҰ-дағы ЖТАҚ және БҰҰ-дағы ДЕҰ сияқтылардың арқасында іске асырылуда.