Туризм әлеуметтік-экономикалық дамудың кілті іспеттес.

19 Feb 2015

«Әлем – бұл кітап. Онда саяхат құрмаған адам – оның тек бір бетін ғана оқып шыққаны.» 

                    Августин Аврелий

Туризм бүкіл әлем бойынша бейбітшілік пен өркениет арасындағы диалогқа апаратын жол сияқты барған сайын түсінікті болып келе жатыр. Адамдарды   рухани және материалдық тұрғыда байыта отырып туризм ішкі жалпы өнімді қалыптастыруда, қосымша жұмыс орындарын құруды және халықтың еңбекпен айналысуын қамтамасыз етуді маңызды рөл ойнайды.    Туристер арасында әйгілі елдерде тұрақты экономикалық өсу мен халықтың игілігінің жақсаруы байқалады.  Бірегей  табиғи көріністердің ие – көшпелі елдің төл мәдениетінің сырын сақтайтын үнсіз куәгері  бола отырып, Қазақстан халықаралық және аймақтық рыноктарда туризмді дамыту үшін орасан іске асырылмаған әлеуеттің иесі болып отыр. 

Әлеуметтік желіні қолданушылар біздің өлкеміздің барлық сұлулығын айнытпай жеткізе алыпты», - деді ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы суреттегі әдемі жерлерді тамашалап тұрып. Ұйымдасушылар атап өткендей бұл іс-шара ШҚО экологиялық туризм орталығы ретінде әйгілі болуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.   

Астана қаласында 17 ақпан күні өткізілген  «ҚР ресурстарын, әлеуеті мен ішкі туризмін дамыту жолдары» атты республикалық  конференцияға мемлекет әлеуетін, бизнесті және азаматтық қоғамды   біріктіру мақсатында ішкі туризмді жеделдетіп дамыту үшін елдің барлық аймақтарынан 70-тен аса қатысушылар жиналды. 2017 ЭКСПО  қарсаңында  бұл мәселе өзекті болса бастады. 2017 ЭКСПО  ұйымдастырушыларының сөзіне қарағанда көрмеге 100 елдің өкілдері (шамамен 1,8 млн. туристер) қатысады деп күтілуде. Түрік өркениеті ұрпақтарының белгісіз өлкесін  өздері үшін енді  ғана ашатын туристердің орасан санын қарсы алуға біз дайынбыз ба? Қалай дайындалу керек? Бұл бағытта қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр? Ішкі туризмді дамыту үшін қандай идеялар қолдауға зәру? Осы және басқа да мәселелер жайында сараптық алаңда жандандырылған пікір сайыстар өтті. 

«Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) деректері бойынша  туризмнен түскен табыс мұнай, тағамдық өнімдер мен  автомобиль экспортына тең немесе тіпті одан да асып түседі». Туризм халықаралық саудада негізгі ойыншылардың біріне және көптеген дамушы елдер үшін негізгі табыс көзіне айналып отыр. Туризмнің дамуы, аралас елдердің көбінде: тамақ өнеркәсібінен құрылысқа, ауылшаруашылығына немесе телекоммуникацияға дейін  жұмыс орындарын құру мен табыс табуды қамтамасыз ете отырып  экономиканы әртараптандыру және бәсекелестікті күшейтумен қол ұстасып келеді»,  деді өзінің сөйлеген сөзінде  Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, климаттық жағдайлардың соншалықты қолайлы еместігі, теңіз жағалауының жоқтығы қаншама сөз болып жатыр, бірақ мемлекет пен азаматтар тарапынан жоспарлы және кешенді амалдарды қолдана отырып   айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болады деп атап өтті. 

БҰҰДБ Қазақстан Үкіметімен және БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен бірлесе отырып әлеуметтік- осал топтарды қолдау мақсатында үш аймақта Бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.   БҰҰДБ Тиімді басқару және аймақтық дамыту департаментінің үйлестірушісі  Малика Қоянбаева БҰҰДБ-ның осы аймақтарда  Бірлескен бағдарламалар шеңберінде қол жеткізген табыстары туралы ақпаратпен бөлісті. 

2011 жылы «Инновациялық тәсілдерді аймақтық жоспарлауға енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы аймақтың бәсекелестігін көтеру 

(Семей аймағының мысалында)»   БҰҰ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы бірлескен бағдарламасы өз жұмысын бастады. 

Бағдарламаның мақсаты  – Шығыс Қазақстан облысында, атап айтқанда Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен аудандардағы  халықтың өмір сүру сапасын көтеру  және Мың жылдық Даму Мақсаттарына қол жеткізу прогресін жақсарту. 

 Тұтастай  алғанда, Бірлескен  бағдарламаның моделі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда табысты болып шықты: үстіміздегі жылдың шілдесінде  осындай Бірлескен бағдарламалар Қызылорда және Маңғыстау облыстарында бастау алды. 

  «Туристік саланы 2020 жылдарға дейін дамыту» тұжырымдамасы шеңберінде Батыс Қазақстан мәдени және «жағажайлық» демалыс кластеріне жатқызылған болатын. Маңғыстау облысында табиғи және киелі орындардың едәуір саны шоғырланған, бұл ШОБ туризмі және экологиялық (этно графикалық) туризм саласын дамыту үшін маңызды перспектива ашады.    

БҰҰ және ШҚО Бірлескен бағдарламасын іске асырған кезде біз жергілікті тұрғындарды оқыту,  экономикалық компонент шеңберінде ШОБ қолдау бойынша көп жұмыс жүргіздік және мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:

100 мыңнан астам адамға консультация берілген немесе семинарларда оқытылған, олардың 8 мыңынан астамы оралмандар, 20 мыңы ШҚО халық қоныстанған жерлеріндегі әйелдер.   

· 32 онлайн орталықтар құрылды;

· 250 ден астам адам еңбекке орналастырылды;

· 70 адам өз бизнесін құрды;

· 300 мың адамның қатысуымен өткен 250 ден астам жиындарда жергілікті бастама жасаған топтардың ШҚО ауылдарының инфрақұрылымын жақсарту және «жасыл» технологияны енгізу бойынша 25 табысты жобалары жүзеге асырылды, одан  бюджеттік қаржының 36% үнемделді. 

Бірлескен бағдарламаларды Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүргізу нәтижесінде:

· 500 дей адам оқытылды;

· Әйелдер мен өмір сүруі шектелген адамдарды қоса алғанда 30 жұмыс орыны құрылды;

· Ауылдық жерлердің 15 бизнес жобаларына қаржы бөлінді;

· Маңғыстау облысында қонақ үйлер құру жобасы қолдау тапты. 

«Маңғыстау ЭКО» ҮЕҰ экологиялық туризмді дамыту мақсатында   БҰҰ Даму бағдарламасы мен Маңғыстау облысының Туризм басқармасының қолдауымен мұнда ауылдық жерлерде тұратын әйелдер мен жастардың  кәсіпкерлік әлеуетін көтеруге бағытталған пилоттық жобаны  іске асыруда. Пилоттық жоба шеңберінде Маңғыстау облысының Шетпе поселкесінде қонақ үйі құрылды. Бұл жер жайдан-жай таңдап алынған жоқ. Поселке бірнеше туристік маршруттардың қиылысында орналасқан.   Қонақ үйдің  бір бөлмесі қонақтарға арналып ұлттық нақышта безендірілген. Бұл жерде, сондай-ақ қонақтарды кигізден бұйым жасау технологиясымен таныстыратын   үй иесінің шеберханасы орналасқан. 

Жобаға сәйкес отбасы да осы үйде тұрады, бұл туристерге қазақ халқының мәдениеті мен тұрмыс салтын жақын таныстыруға мүмкіндік береді. Қонақ үйлерін осылай ұйымдастыру тәсілі ауыл адамдары үшін тәуекелді азайтады. Шағын отель жасау үшін үйді жалға алу немесе жеке ғимарат тұрғызу   қажеттілігі болмайды. үшін керек. Ауылдағы қонақ үйлер дәстүрлі қонақ үйлерге жақсы балама бола алады. Жоба шеңберінде ұйымдастырылған бірінші қонақ үй, өзін шағын бизнес саласында сынап көргісі келетін басқа тұрғындар үшін үлгі ретінде көрсетілетін болады.  

БҰҰДБ бұдан әрі БҰҰ аймақтық бағдарламалар шеңберінде туризмді дамытуға жергілікті халықты оқыту және олардың қаржылық сауаттылығын көтеру, сондай-ақ осы аймақта сегіз түрлі бағыттағы жобаларға, соның ішінде туризмге гранттар бөлу арқылы көмек көрсетуді жалғастыруды жоспарлап отыр.  

Авторы: Мира Бейсенова,

Шығыс Қазақстандағы БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасының 

Байланыс маманы