БҰҰДБ/ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасы алғашқы Parking Day өткізді

05 Oct 2015

 Нажмите на фотографию, чтобы просмотреть остальные фотографии с республиканской конференции

БҰҰДБ/ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасы «Аавтокөліксіз көшелер күнін» өткізу шеңберінде  Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен  алғашқы «тұрақтық кеңістіктер» фестивальін өткізді, оның мақсаты – тұрақтарға қойылған автокөліктердің қалалық ортада қанша орын алатынын және осы кеңістікті адамдардың пайдасы үшін баламалы түрде қалай пайдалануға болатынын қалалықтарға көрсету. 

Акция көрнекті, креативті және  қызғылықты болды. Алматылық дизайнерлер, суретшілер мен жас архитекторлар автокөлік тұрақтанатын орындарға «парклет» деп аталатын шағын демалыс – аймақтарын ұйымдастырды және барлық қалалықтарға осы бірегей мүмкіндікті пайдалану мен «парклетке» келіп  бір күннің ішінде қала кеңістігін қалай өзгертуге болатынын көруді ұсынады.  

Акцияның қатысушысы және қоғамдық үйлестірушісі, GOROD жобалары зертханасының ландшафтық архитекторы   Катерина Новоселова: «Parking Day акциясының мақсаты қала – бұл барлық халыққа арналған жалпы кеңістік, автокөлік инфроқұрылымы алатын орасан аймақтарды бүгінде парк, кафе, демалыс аймақтары мен қалалықтар белсенді дем алатын орындарға айналдыруға болады.  Бұл акция – адам санасына  тамызған  тамшыдай ғана, қала – жалпы жұртқа ортақ және оны біз өзіміз пайдалы ете алатынымызды қалалықтарға көрсетуге жасалған қадам. Мен БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасымен рахаттана жұмыс істедім және бұл акция шын мәнінде әсерлі болды.».

Жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және жүргізушілер Parking Dayды лайықты баға бағалады. Акцияға 60 жуық велосипедшілер қатысты. 1000 тарта өткіншілер аялдап  халықаралық автокөліксіз күн туралы мағлұмат алды, парклеттерде суретке түсіп, бір-бірімен сұхбаттасуға және   әдеттегі абыр-сабырдан аздап дем алу  мүмкіндігіне ие болды. Алматылықтар көптеген жақсы  пікірлер айтып, қала халқы  мұндай акциялық шаралар ауқымды және көбірек өткізілсе екен деген тілектерін, «Автокөліксіз күн» қозғалысын қолдайтындарын білдірді. 

Акцияға қатысушы Алеся Нугаева: «Бұл мен үшін, қарқын мен статистиканы, зырлаған машиналардың жылдамдығы мен жұмысқа асыққан адамдарды және қала ортасында «ілінген» жап-жасыл оазис пен ешқайда асықпайтын жайбарақат  жүрген адамдардың  бейнесін,  олардың жайлы орындықтарда  рахаттана дем алып, дәмді астан ауыз тиіп, емен-жарқын сұхбаттасуын, ойындар ойнап, велосипед тебуін және өздерінің бір күнін қалаға қамқорлық білдіруге арнауын, қыркүйектің жаңа жауып өтен жаңбырдан кейінгі таза ауасын құмарлана жұтып, жаяу жүрудің рахатын сезінуін бір бірімен жеңіл ұштастырудағы алғашқы тәжірибе болды.».

Акция өткізілетін орын да әдейі таңдалып алынды. Қала тұрғындарына  акцияның мазмұнын - автокөліктер   тұрақтайтын орындардың көлік иелерінің жеке меншігі еместігін, қала кеңістігінің баршаға ортақ екенін жеткізу болғандықтан  парклеттер тротуарларды жанай шағын кафелер мен дүкендерге қарсы орналастырылды. 

Акцияға БАҚ өкілдері белсене қатысты – мерзімдік баспасөздің онға жуық өкілдері мен теледидар қызметкерлері Parking Day туралы репортаждар жасап таратып жатты. 

Бізді Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҒТУ,  ҚазАҚБА студенттері, EAST45 архитектуралық жобасы мен GOROD жобалары зертханасы, Тимур Ақтаевтың өкілдігімен NB! шеберханасы, TSUNAME  SHOP, Алматыдағы алғашқы кофейня New Bisquit қолдау көрсетті.

Авторы: Мария Шарова,

«Алматы қ. орнықты көліктері» жобасының

Байланыс маманы