Жобалар

БҰҰДБ ұлттық дамудың мақсаттарына жету жолында, Елдік бағдарламада белгіленген нәтижелерге жету жолындағы жоспарланған, сабақтасқан шараларды орындауға арналған Жобалар мен уақыт жағынан шектелген интервенцияларды дайындайды және жүзеге асырады.

Біз, бұл Жобаларды адам өміріне өтпелі кезеңдегі келеңсіз жайттардың әсерін жұмсатру үшін Қазақстанның әр түрлі аумақтарында жүзеге асырамыз. Бұл мақсатта Біз ұлттық және жергілікті деңгейде Үкіметпен, үкіметтік емес ұйымдармен, жалпы азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс істейміз.

БҰҰДБ Жобалары туралы қосымша ақпарат алу үшін Біздің Жобалар дерекқорын қараңыз. Дерекқорда 1993 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жобаларға қатысты ауқымды мәліметтер бар.

Халықтың барлық жіктерінің мүдделеріне сай даму

  • Қазақстанда экономикалық өсу мен адам құқығын сақтауға көңіл бөлудің күннен күнге артып келе жатқанына қарамастан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері көбіне назардан тыс қалып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясына қол қойды және факультативтік Хаттаманы ратификациялауды қарастырып жатыр. Қазақстан Үкіметі мен Ұлыбритания Елшілігінің қаржылық қолдауымен БҰҰДБ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және арнайы әлеуметтік қызметті ұсыну жүйесін дамыту» жобасының шеңберінде қолдау көрсетеді. Ынтымақтастық келешекте мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға интеграциялау жөніндегі ұлттық бағдарламаны дайындаумен бірге мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемаларын терең зерттеуді қамтиды.

  • Соңғы онжылдықта Қазақстан этникалық қазақтардың (оралмандар) үлкен бөлігін тарихи отанына қабылдады. Әлеуметтік бейімделу оралмандар ұшырап отырған өткір мәселелердің бірі болып табылады . «Қазақстанның Семей аймағындағы осал топтарын оралмандардың экономикалық және әлеуметтік интеграциясы арқылы қолдау" жобасы Семей қаласының әкімдігі, БҰҰБД мен БҰҰЕ қолдауымен іске асырылады. Бейімделу және әлеуметтік интеграция орталығы шеңберінде ашылу жыл сайын 1000 оралманға тілдерді (қазақ және орыс), адам құқықтарының негіздерін, стратегиялық жоспарлауды, лидерлік қаблетті дамытуды және т.б. игеруге көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

  • Халықаралық сауда жүйесіне интеграциялану кедейлікті азайтуға бағытталған ғаламдық күш салуда маңызды рөл атқарады. Дамудың секторалдық және географиялық басымдылықтарын ескере отырып БҰҰДБ және Финляндия ҮКІМЕТІ Орталық Азияда, Оңтүстік Кавказ бен ТМД-ның Батыс елдерінде сауда саласындағы дамуды қолдау үшін ұзақмерзімдік серіктестікке кірісті. Жоба сауда-саттыққа жәрдем беру және әр бір елдің бәсекелестігін жақсарту арқылы экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған. Қазақстанда бұл жоба Шығыс Қазақстан облысында іске асырылып жатыр. Жобамен кәсіпкерлікті және микроқаржыландыруды дамыту үшін сұранысқа, сондай-ақ өндіріске экологиялық таза тағамдарды енгіз мәселелері бойынша талдау жүргізілді. Жоба шағын және орта бизнеске сауда, экспорт және микроқаржыландыру мәселелері жөнінде консультативтік қызметтер көрсетеді.

Демократиялық басқару

  • Тәуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азияның бес бұрынғы Советтік республикалары жаңа шекараны қорғау қажеттілігіне, атап айтқанда Қытайдан, Ауғанстаннан және Ираннан тап болды. БҰҰДБ мен Орта Азия елдеріндегі шекараны басқаруға көмек көрсету жөніндегі Еуропалық Комиссия (БОМКА) сауда маршруттары және транзиттік коридорларда мен ЦА инфрақұрылымдық потенциал нығайтылады. Бағдарлама әуежайлардағы шекараларды басқаруды, төрт пилоттық аймақта үлгілік шекаралық басқаруды, сондай-ақ шекара қызметкерлері үшін тренингтерді құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерді қамтиды.

  • Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасының бастамасы - Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб (ACSH) 2013 жылы 25 ел мен 5 халықаралық ұйым өкілдері Өңірлік хабтың Құрылтай Декларациясын бірауыздан қабылдаған кезде құрылған.

Қоршаған орта және энергетика

  • Қазақстан, әлемдегі ең үлкен елдердің бірі бола отырып (2,7 млн. км2), Жер бетінде сақталған табиғи понтий даласының маңызды бөлігіне ие, 1,2 млн км2. астамды алып жатыр. Қазақстанның понтий далалық экожүйесі өсімдіктердің бірегей түрлері мен топтарын қамтиды, бірақ дала фаунасының көптеген ғалами қауіпті түрлері Қазақстандағы экожүйенің ең аз қорғалған түрі болып табылады. «Дала экожүйесін сақтау және тұрақты басқару» жобасының мақсаты Қазақстан даласының, Қазақстан даласындағы экожүйені айырықша қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне (АҚТА) қосу арқылы ғаламдық маңызды биоалуантүрлілігін сақтаудан тұрады. Жоба Ырғыз, Торғай және Жыланшық алаптарындағы ландшафтар деңгейінде ұтымды пайдалану тетіктерін әзірлеу және іске асыруға жұмыс істеп жатыр. Жүйелік, институционалдық және даралық деңгейлердегі потенциалды нығайту мақсатында қазіргі бар және жаңадан құрылған АҚТА басқарушыларын оқыту жүргізіледі.

  • Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергиялық тиімділігін арттыру, энергиялық тиімді жобаларды инвестициялау үшін жаңа қаржылық үлгілер енгізу және жергілікті мүдделі тараптардың потенциалын көтеру «Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергиялық тиімділігін арттыру үшін кедергілерді жою» жобасының негізгі бағыттары болып табылады. Жобамен энергияны үнемдеу туралы заң жобасына ұсыныс енгізілді және ТКШ заңына түзетулер енгізілді. Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында жоба ПМК-ны оқыту тренингтеріне және үйлерді үлгілендіру жөніндегі бағдарламаға тартады. Қарағанды қаласында Қазақстандағы алғашқы жеке энергия сервисі (ЖЭСК) компаниясы құрылды.

  • Бүгінде Қазақстан халқының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірден бір көкейкесті мәселе құрамында тұрақты органикалық ластаушылар (ТОЛ) бар пайдаланылмайтын немесе көмілген жабдықтарды қайта іске жарату болып табылады. Қазіргі сәтте Қазақстанда полихлордифинилді (ПХД) ұстау, сақтау және қайта іске асырудың нормативтік база жеткілікті дамымаған. «Қазақстанда ПХД басқарудың кешенді жоспарын әзірлеу» жобасының шеңберінде заңнамалық және әкімшілік шектер күшейтілетін болады, ПХД басқару саласында потенциал көтерілді және ПХД қосымша көздері белгіленді. Сондай-ақ 850 тонна ПХД-трансформаторларды айырбастау және қайта іске жарату, ПХД-конденсаторларды аймақтық сақтау мен қайта іске жарату бойынша іс-шаралар жүргізілді.

  • «Энерготиімді жобалау және Қазақстанның тұрғын үймереттер секторындағы құрылыс» пилоттық жобасы Қазақстанның бірнеше қалаларында тұрғын үймереттерді біріктірілген жобалауды қолдануды көрсетеді. Жобаның мақсаты – энерготиімділік бойынша міндетті құрылыс нормаларын, құрылыс материалдарының стандарттарын және маркировкаларын сақтауды жақсарту. Жоба энерготиімді материалдардың отандық өндірістік қорын дамытуды қолдайды және тұтастай алғанда үймереттерді жобалауға біріктірілген тәсіл үшін потенциал жасайды.

  • Целью проекта является преобразование казахстанского рынка в сторону энергоэффективных осветительных технологий и постепенная замена неэффективного осветительного оборудования в целях снижения выбросов парниковых газов.

  • Жобаның негізгі мақсаты ұлттық деңгейде биоәртүрлілікті қаржыландырудағы үрдіс пен ахуалды анықтауда және ресурс тапшылығы мәселесін шешуде Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсету. Жоба биоәртүрлілікті қаржыландырудың жетіспеушілігін бағалауға, қаржылық ресурстарды жұмылдырудың жоспарын жасауға, салалық бюджеттік жоспарлаудағы биоәртүрлілік пен экожүйені біріктіру мен БиоФин Жұмыс кітабының әдістемесіне сәйкес ұлттық саясатқа негізделген.