ArcGIS 10.1 for Desktop Enterprise Standard және ArcGIS 10.1 for Server Enterprise  Standard программалық жасақтамаларының лицензияларын техникалық колдауды узартуға ұсыныс жасау.

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы «Қорғалатын аймақтардың ішіндегі және айналасындағы биоәртүрлілікпен сыйымды тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйедегі қорғалатын аймақтар жүйесінің тұрақтылығын көтеру»  жобасының шеңберінде заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге ArcGIS 10.1 for Desktop Enterprise Standard және ArcGIS 10.1 for Server Enterprise Standard программалық жасақтамаларының лицензияларын техникалық колдауды узартуға ұсыныс жасауға ашық сайыс жариялайды.

Коммерциялық ұсыныстар мен Техникалық спецификация қосымшада тіркелген.

Өтініштерді беру үрдісі: Үміткерлер ұсыныстарды БҰҰДБ-ның Сатып алулар бойынша бағыттаушысы Темиргалиев  Ержанның атына жабылған конверттерде келесі мекен-жай бойынша жіберу қажет: Астана қаласы, Бөкейхан көшесі 14, 4-қабат, БҰҰДБ кеңсесі.

Барлық сұрақтарынызды Сатып алулар бойынша бағыттаушы Темиргалиев  Ержанмен  +7 (7172) 69-65-50 (2244) телефон нөміріне немесе yerzhan.temirgaliyev@undp.org электронды поштасына хабарласып анқтауларыңызға болады.

Өтініштерді беру мерзімі: жергілікті уақыт бойынша 2015 жылдың 13-қазаны сағат 18.00 дейін.

Көрсетілген мерзімнен кейін түскен ұсыныстар қарастырылмайды.

* RFP