«Әлеуметтік-экономикалық модернизациялау және тұрақты дамуға қол жеткізуде Маңғыстау облысының мүмкіндіктерін кеңейту» Біріккен бағдарламасы аясындағы БҰҰ Даму бағдарламасы  (Маңғыстау облысы үшін Бірлескен Бағдарлама)

Гранттық конкурстың мақсаты: БҰҰ Бірлескен бағдарламасының қаржы қаражаты есебінен облыстың Қазалы ауданындағы бастамашылық топтардың жобаларын іске асыру үшін Маңғыстау облысының коммерциялық емес секторынан әріптесті анықтау. Жобалардың тиімділігін ұлғайту және оларды қамту үшін пилоттық жоспарланған аудандардың жергілікті бюджеттерінен қоса қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылатын болады. 

Конкурсқа ұсынылатын жобалар мыналарға бағытталуы тиіс: 

  • ауылдың немесе округтің қазіргі әлеуметтік проблемаларын шешу, жеңілдету; 
  • аудандағы тұрақты оң әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің пайда болуы; 
  • халықтың әлеуметтік-қорғалмаған жіктерінің және ерекше қолдауды қажет ететін адамдардың өмір сапасын жақсарту, сапалы әлеуметтік және экономикалық қызметтерге олардың қолжетімділігін арттыру;
  • халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін энергия тиімді технологияларды және жабдықтарды енгізу.

Өтінімдерді қабылдау мынадай мекенжай бойынша 2015 жылдың 22 қыркүйек, 17.00 сағат (жергілікті уақыт) дейін жүзеге асырылатын болады: Ақтау қ., 14 микрорайон, БО «Звезда Актау», 303 офис, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (жолақысы төленбейді).

Конкурс туралы егжей-тегжейлі ақпарат қосымшаларды.