«Халықтың неғұрлым осал жіктерін қоса алғанда, жергілікті халыққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметтерді көрсетуге инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысында әл-ауқатты және өмір сапасын арттыру» БҰҰ Бірлескен бағдарламасы шеңберінде БҰҰ Даму бағдарламасы (Қызылорда облысы үшін Бірлескен Бағдарлама).

Гранттық конкурстың мақсаты: БҰҰ Бірлескен бағдарламасының қаржы қаражаты есебінен облыстың Арал ауданындағы бастамашылық топтардың жобаларын іске асыру үшін Қызылорда облысының коммерциялық емес секторынан әріптесті анықтау. Жобалардың тиімділігін ұлғайту және оларды қамту үшін пилоттық жоспарланған аудандардың жергілікті бюджеттерінен қоса қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылатын болады. 

Конкурсқа ұсынылатын жобалар мыналарға бағытталуы тиіс: 

  • ауылдың немесе округтің қазіргі әлеуметтік проблемаларын шешу, жеңілдету; 
  • аудандағы тұрақты оң әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің пайда болуы; 
  • халықтың әлеуметтік-қорғалмаған жіктерінің және ерекше қолдауды қажет ететін адамдардың өмір сапасын жақсарту, сапалы әлеуметтік және экономикалық қызметтерге олардың қолжетімділігін арттыру;
  • халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін энергия тиімді технологияларды және жабдықтарды енгізу.

Өтінімдерді қабылдау мынадай мекенжай бойынша 2015 жылғы 14 тамыз, 17.00 сағатқа (жергілікті уақыт) дейін жүзеге асырылатын болады: Қызылорда қ., Журба көш., 12, 301 офис, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (жолақысы төленбейді).

Конкурс туралы егжей-тегжейлі ақпарат Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының www.undp.kz сайтындағы (тендерлер) бөлімде орналасқан.