БҰҰ Бірлескен Бағдарламасы «Маңғыстау облысының тұрақты дамуы мен әлеуметтік экономикалық мүмкіншіліктерін кеңейту» Маңғыстау облысы Mұнайлы ауданданының әлеуметтік–экономикалық дамуына бағытталған гранттық сайыс жариялайды.

Гранттық сайыстың мақсаты: БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының қаржысы  есебінен бөлінетін ынталы топтардың жобаларын қолдауға бағытталған  шағын гранттарды әкімшілік ұйымдастыру мақсатында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданданының коммерциялық емес секторынан серіктес табуға бағытталған. 

Осы бағдарламаның тиімділігін жоғарлатуға,  толығымен қамту мақсатында, жергілікті бюджеттерден қосымша қаржыландыру және тығыз байланыс көздері қарастырылады.

Сайысқа тапсырылған жобалар төмендегі бағыттарға сәйкес болуы қажет:  

- Әлжуаз топтардың құқығын және ықыласын тиімді қорғауға бағытталған жергілікті жерлерде әлеуметтік – экономикалық бағдарламалардың  мемлекеттік ресурстарды жоспарладың тиімділігін арттыруға. 

- Халықтың өзінің әл-ауқатын және жергілікті өзін – өзі басқарудағы потенциялын жоғарылатуға.

- Әлжуаз топтарға сапалы әлеуметтік – экономикалық кызметтердің қол жетімділігін арттыруға (әйел және балаларды қосқанда).

- Халыққа өзінің  әл-ауқатын,  денсаулығын және осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттері туралы сапалы ақпараттарды беруге.

- Халықтың әлеуметтік экономикалық сұрақтарын  шешуге  арналған жабдықтарды және тиімді  энергия технологияларының мүмкіншіліктерін қолдануын көрсету, енгізу 

Сұраным 2016 жыл 5 тамыз 17 сағ. 17.00 дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Ақтау   қаласы, 14 шағын аудан, офис 303  мекен жайы ойынша  қабылданады (жол ақысы төленбейді).

Конкурс туралы толық ақпарат тос- техникалық тапсырмада және өтініш де қоса беріледі