БҰҰ Бірлескен Бағдарламасы «Аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу және халыққа әлеуметтік қызметтерді көрсету арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру (Семей өңірінің мысалында)» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ауылдық округтарының әлеуметтік–экономикалық дамуына бағытталған гранттық сайыс жариялайды.

Гранттық сайыстың мақсаты: БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының қаржысы есебінен бөлінетін ынталы топтардың жобаларын қолдауға бағытталған шағын гранттарды әкімшілік ұйымдастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының коммерциялық емес секторынан серіктес табуға бағытталған. Осы бағдарламаның тиімділігін жоғарлатуға, толығымен қамту мақсатында, жергілікті бюджеттерден қосымша қаржыландыру және тығыз байланыс көздері қарастырылады.

Сайысқа тапсырылған жобалар төмендегі бағыттарға сәйкес болуы қажет:  

  • Әлжуаз топтардың құқығын және ықыласын тиімді қорғауға бағытталған жергілікті жерлерде әлеуметтік – экономикалық бағдарламалардың  мемлекеттік ресурстарды жоспарладың тиімділігін арттыруға. 
  • Халықтың өзінің әл-ауқатын және жергілікті өзін – өзі басқарудағы потенциялын жоғарылатуға.
  • Әлжуаз топтарға сапалы әлеуметтік – экономикалық кызметтердің қол жетімділігін арттыруға (әйел және балаларды қосқанда).
  • Халыққа өзінің  әл-ауқатын,  денсаулығын және осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттері туралы сапалы ақпараттарды беруге.
  • Халықтың әлеуметтік экономикалық сұрақтарын  шешуге  арналған жабдықтарды және тиімді  энергия технологияларының мүмкіншіліктерін қолдануын көрсету, енгізу 

 

Сұраным 2015 жыл, 11 маусым сағ. 17.00 дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Семей қаласы, Ленин көшесі, 9, офис 202,204 мекен жайы ойынша  қабылданады. (жол ақысы төленбейді).

Техникалық тапсырмасы мына қосымшаларда ТЗ және форма заявки.