UNDP-Logo all three

«Жасыл экономика моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» ЕО/БҰҰДБ/ЕЭК  БҰҰ бірлескен жоба шеңберінде БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы қоғамдастық пен жергілікті қауымдастықтарды оларды әзірлеу мен іске асыру процесіне белсене тарта отырып, су ресурстарын орнықты пайдалану жөніндегі грантты жобаларға конкурс жариялайды.  

Гранттық конкурстың мақсаты: қоғамдастық пен жергілікті қауымдастықтарды оларды әзірлеу мен іске асыру процесіне белсене тарта отырып, су ресурстарын орнықты пайдалануға ықпал ететін тиімді тәсілдерді, әдістер мен технологияларды енгізуге бағытталған көрсету жобаларын жергілікті деңгейде қалыптастыру және іске асыру.  

Конкурсқа ұсынылатын жобалар мыналарға:

  • Су ресурстарын орнықты пайдалануға және суды үнемдеуге;
  • Судың сапасын арттыруға;
  • Сумен жабдықтадағы энергия тиімділікке;
  • Ағынды суларды тазартуға және қайта пайдалануға;
  • Суды пайдалануға және жаңартылатын энергетикаға;
  • «жасыл экономика» тәжірибесін енгізу арқылы су ресурстарын тиімді пайдалану және климатты өзгерту мәселелері бойынша еліміздің тұрғындарын хабарландыруды арттыруға бағытталған болуы тиіс. 

Өтінімдерді қабылдау 2015 жылғы 20 тамызда сағат 18:00-ге дейін Астана қаласы, Бөкейхан көшесі 26 (БҰҰ-ның ғимараты) мекенжайында, электронды көшірмесін gulzhamal.issayeva@undp.org, Irina.yurchinskaya@undp.org, katerina.yushenko@undp.org. Мекенжайларына жібере отырып (жол ақысы төленбейді) жүзеге асырылатын болады

Толық ақпарат Т3 және өтінім нысаны қосымшаларынан көруге болады.