Қазақстан Республикасындағы БҰҰ даму (БҰҰДБ) бағдарламасының ҒЭҚ/БҰҰДБ  «Алматы қ. орнықты көлігі» жобасы (АОКЖ) шеңберінде  Алматы қаласындағы мектеп оқушылары арасында велосипед қозғалысынан хабардарлықты көтеру және оның пайдасы мен қауіпсіздігіне бағытталған  іс-шаралар жүргізу жөніндегі грандтық  жобаларға конкурс жарияланады.

Толық ақпарат пен лауазымдық міндеттердің сипаттамасы Техникалық Тапсырмалар қосымшасында берілген.

Жұмыс орыны: Алматы қ., Қазақстан

Орыс тілін білу; ағылшын тілін білу басымдық береді.

Конкурсқа қатысуға арналған барлық өтініштер төмендегі өтінім нысанына сәйкес ұсынылуы тиіс:

  • Ұйым туралы ақпарат;
  • Жобаның сипаттамасы;
  • Жобаны іске асыру жоспары;
  • Жобаның бюджеті;
  • Мониторингі мен бағалануы;
  • Жобаның орнықтылығы;
  • Тәуекелдер;
  • Жұртшылықты хабарландыру;
  • Қосымша ақпараттар.

Айтылған құжаттарды жобаның ассистенті Шоманова Анар ханымның  электрондық поштасына  жолдау керек: anara.shomanova@undp.org.

Өтінімдер 2015 жылғы 9 қараша сағат 12:00 дейін қабылданады.

Алдын ала байқаудан өткен үміткерлерге ғана хабар беріледі.