Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағадарламасы «Мемлекеттік органдар жүйесінің тиімділігін бағалау үшін «ашық үкімет» принциптері аясында медиа білім беру» жобасын іске асыру мақсатымен ұсыныстар сұрауын жариялайды.

Коммерциялық ұсынысты сұрау мен Техникалық тапсырма қосымшада берілген.

Мәлімдеме беру реті: Талапкер ұсыныстарын Астана қ. Бөкейхан көш. 14, 4 қабат, БҰҰДБ кеңсесіне, БҰҰДБ сатып алу бөлімінің ассистенті Меруерт Болысаеваның атына жабық конверттерде жіберуі қажет. Мәлімдемені беру мерзімі: 5 тамыз  2016ж., жергілікті уақыт бойынша 13.00 дейін.

Барлық сұрақтар бойынша сатып алу бөлімінің ассистенті Меруерт Болысаевамен +7 7172 696544 телефоны немесе meruyert.bolyssayeva@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен ұсыныстар қарастырылмайды. Ұсыныстарға лайықты түрде қол қойылып, мөр қойылуы тиіс.