Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы келесі жобаны іске асыру мақсатында екі лотпен халықаралық конкурс жариялайды:

Лот 1: «Қазақстан Республикасының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарына Бірыңғай құзыреттер жүйесін (құзыреттер моделі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құзыреттерін бағалау және құндылықтарына берілгендік деңгейін анықтауға арналған тестілік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу»

Лот 2: «Факторлы-балдық шкаланы (грейд жүйесі) әзірлеу, енгізу және қолдану».   

Егжей-тегжейлі ақпарат және Техникалық тапсырма - қосымшада берілген Коммерциялық ұсыныста.

Нұсқама:

Мәлімдеме беру реті: Талапкер ұсыныстарын Астана қ. Бөкейхан көш. 14, 4 қабат, БҰҰДБ кеңсесіне, БҰҰДБ сатып алу бөлімінің координаторы Ержан Темиргалиевтың атына жабық конверттерде жіберуі қажет. 

Электрондық түрде жіберілетін ұсыныстар procurement.kz@undp.org адресіне жолдануы керек

Өтініштердің түпнұсқасы мен электронды көшірмелерін жіберудің соңғы беру мерзімі: дүйсенбі, 29 ақпан 2016 ж., жергілікті уақыт бойынша 18.00 дейін.

Егжей-тегжейлі нұсқамалар коммерциялық ұсыныстың Ақпараттық кестесінде (Data Sheet).

Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен ұсыныстар қабылданбайды.

Барлық сұрақтар бойынша сатып алу бөлімінің координаторы Ержан Темиргалиевпен +7 7172 696544 телефоны немесе yerzhan.temirgaliyev@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Ұсыныстарға қол қойылып, мөр дұрыс қойылуы тиіс.