Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы   «Аймақтық жоспарлауға, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде инновациялық жаңа тәсілдемелерді енгізу арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату(Семей аймағының мысалында)» бірлескен бағдарламасы аясында     гранттық сайыс жариялайды: 

1)Арнай әлеуметтік қызмет түрлерін пилоттау (мысалы,  күндізгі уақытша мекендеу орталықтарын қолдау немесе ашу),  осы қызмет түрлерін кеңейту және қызмет алушылар санын ұлғайту;

 2)Мүмкіндігі шектелген азаматтар және қозғалысы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып ғимраттарды арнайы құралдармен  жабдықтай отырып кедергісіз орта қалыптастыру;

3)Мүмкіндігі шектелген азаматтар, ауыл әйелдері,оралмандар, жастардың жұмысқа орналасуына және кәсіпкерлікпен шұғылдануына ықпал ету (мысалы,  туризімді дамыту, энергия және суды үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы).

Гранттық сайыстың мақсаты: Мүгедектер, егде жастағы азматтар мен нақты тұрақты мекенжайы жоқ азаматтардың  әлеуметтік  маңызы жоғары мәселелерін шешу.

Сұраным 2015 жыл, 25 мамыр сағ. 17.00 дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Семей қаласы, Ленин көшесі, 9, 202 каб. мекен жайы бойынша қабылданады (жол ақысы төленбейді).