Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағадарламасы «Қазақстан Республикасының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметіне Бірыңғай құзыреттер жүйесін (құзыреттер моделі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құзыреттерін бағалау және құндылықтарына берілгендік деңгейін анықтауға арналған тестілік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу» жобасын іске асыру мақсатымен ұсыныстар сұрауын жариялайды.

Коммерциялық ұсынысты сұрау мен Техникалық тапсырма қосымшада берілген.

Мәлімдеме беру реті: Талапкер ұсыныстарын Астана қ. Бөкейхан көш. 14, 4 қабат, БҰҰДБ кеңсесіне, БҰҰДБ сатып алу бөлімінің координаторы Ержан Темиргалиевтың атына жабық конверттерде жіберуі қажет. Мәлімдемені беру мерзімі: дүйсенбі, 12 қазан 2015 ж., жергілікті уақыт бойынша 18.00 дейін.

Барлық сұрақтар бойынша сатып алу бөлімінің координаторы Ержан Темиргалиевпен +7 7172 696544 телефоны немесе yerzhan.temirgaliyev@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен ұсыныстар қарастырылмайды.

Ұсыныстарға лайықты түрде қол қойылып, мөр қойылуы тиіс.