Құрметті кәсіпорындар мен мекемелер,

БҰҰДБ-Қазақстан, жақында, БҰҰДБ-Қазақстан атынан белгісіз ұйымдар тарапынан жүргізілген жалған сатып алу (тендерлер) болғаны туралы ескертеді. Алаяқтық ұйым/дар procurement.astana.kz@snu-undp.org; yerzhan.temirgaliyev@snu-undp.org; nurgul.zharylkapova@snu-undp.org электрондық пошта мекенжайларын пайдаланып, туристік сапарлар саласында жұмыс істейтін қазақстандық ұйымдардың бірқатарына өтінімдерге қатысу жөнінде жалған шақыру таратқан. Осы жалған шақыруға жауап берген кейбір ұйымдарға жалған келісім-шарт ұсынылған. Бұл әрекеттер ұйымдардың қаражатын алу үшін жасалған алаяқтық әрекеттерді білдіреді. Осы орайда, БҰҰДБ жалған тұлғалармен «кәсіпкерлікке» қатысты ықтимал құқықтық салдары үшін жауапты емес.

БҰҰДБ-Қазақстан ресми түрде тек @undp.org доменінен хабарларды жіберетіні туралы хабардар етеді.

Ізгі ниетпен,

БҰҰДБ-Қазақстан

Сатып алулар

БҰҰДБ-ның сатып алулары байқау негізінде жүргізіледі. Сатып алу барысында, Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржылық ережелеріне сәйкес, келесі қағидалар ұсталынады:

  • Лайықты төлемі;
  • Заңдылық, әділеттік және ашықтық;
  • Тиімді халықаралық бәсекелестік;
  • БҰҰДБ-ның мүдделері.

БҰҰДБ-ның сатып алу барысындағы егжей-тегжей ақпараттар келесі сайтта орналастырған (ағылшын тілінде) : 

http://www.undp.org/content/undp/en/home/operations/procurement/overview/